Органдар мен тіндерді трансплантаттау бөлімі

uslugi-img-1

Негізгі мақсаты – емдеудің жоғары технологиялық органдарды ауыстыру әдістерін қажет ететін науқастарды медициналық және әлеуметтік оңалтуға қолжеткізу. Органды трансплантаттау жоғары білікті дәрігерлердің өзара қарым-қатынас жасауын және қызметтер жиынтығын: трансплантаттау иммунологиясын, хирургияны және пациенттерді трансплантаттауға дейін және кейін мамандандырылған (нефрологтар, гепатологтар, эндокринологтар, кардиологтар) жүргізуді; ауыстырылған органдардың ұзақ мерзімде тіршілікке қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында морфологиялық мониторингілеуді талап етеді.

Бүгінгі күні ҰҒМО-да бауыр мен бүйректі туысқан донордан және кадаверден ауыстыруды жүзеге асырады. Органдарды трансплантаттау республикалық үйлестіру орталығы құрылды.

Бауырды трансплантаттау – клиниканың барлық персоналының жоғары мамандандырылған дайындығын талап ететін аса күрделі, бірегей операция. «ҰҒМО» АҚ-да бауыр реципиенттерінің тіршілікке қабілеттілігі 89%-ды құрады, ол Еуропалық тіркелімнің деректеріне сәйкес келеді.

Бүйректерді трансплантаттау әлемдік тәжірибедегі жоғары технологияларды қолданумен стандартталған техника бойынша жүргізіледі: донордан бүйректі эндоскопиялық жинау, әртүрлі топты ауыстыру, трансплантты қабылдамауды иммундық басу және алдын алудың жаңа әдістері.

Органдарды ауыстыру бойынша операцияларды әлемнің жетекші трансплантаттау орталықтарында (Түркия, Жапония, Оңтүстік  Корея, Испания және т.б.) оқу мен тағылымдамадан  өткен жоғары білікті хирург-трансплантологтар жасайды.

Бөлімде сондай-ақ бауырдың, бүйректің созылмалы аурулары кезінде бағаналық жасушаларды трансплантаттау бойынша операциялар жасалады.  Күту парағына қою және әлеуеттік донорларды (HLA-типирование, кросс-матч) іріктеу үшін органдарды трансплантаттауға мұқтаж пациенттерге қарап тексеру жүргізіледі.

ЖАСУШАЛЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ТРАНСПЛАНТАТТАУ ОРТАЛЫҒЫ КЕЛЕСІ БАҒЫТТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ:

ФЕТАЛДЫ ЖАСУШАЛАРДЫ ТРАНСПЛАНТАТТАУ:
—нефроциттерді трансплантаттау;
—гепатоциттерді трансплантаттау;

Басты басымшылықтары:

  • ҰҒМО органдарды туыстық донордан трансплантаттауды дамыту пионерлерінің бірі болып табылады және Қазақстан Республикасындағы органдық трансплантаттауда көшбасшы болып қалады.
  • Бөлімнің жұмысы кезінде бүйректі шамамен 100 трансплантаттау және бауырды 50 трансплантаттау жасалды.
  • Органдарды ауыстыру бойынша операцияларды әлемнің жетекші трансплантаттау орталықтарында (Түркия, Жапония, Оңтүстік Корея, Испания және т.б.) оқу мен тағылымдамадан  өткен жоғары білікті хирург-трансплантологтар жасайды.
  • ҰҒМО-да трансплантаттауға әрбір кандидат мультитәртіпті мамандар тобының (хирург-трансплантологтар, анестезиологтар, гастроэнтерологтар, нефрологтар, гепатологтар, инфекционисттер, әлеуметтік жұмысшылар және т.б) мұқият бағалауынан өтеді.
  • Консультативтік көмек (күту парағына қою, амбулаторлық кезеңде бауырды трансплантаттаудан кейін)
  • Бауырдың, бүйректің созылмалы аурулары кезінде бағаналық жасушаларды трансплантаттау бойынша операциялар жасалады.

 Қызметтің негізгі бағыттары

  • донор-реципиент пациенттерді тексеру және дайындау;
  • бауыр мен бүйректі трансплантаттаудан кейінгі асқынуларды хирургиялық емдеу (реконструктивті операциялар, трансплантатэктомия);
  • хирургиялық аз инвазивті операциялар спектрін орындау (ақылы қызметтер);
  • бауыр мен бүйрекке биопсия жасау.
  • трансплантатқа биопсия жасау.

Амбулаториялық-консультативтік көмек көрсетілетін мәселелер:

 

Мәселе Жауапты дәрігерлер Консультация алу тәртібі
Бауырды трансплантаттаудың күту парағына қосу Құлмағанбетов Айдос Қалдыбекұлы

Мына телефондар бойынша алдын ала жазылу:

 8 (7172) 57-75-36, сейсенбі және жұма күндері сағат 14:30-дан бастап, кезек тәртібінде, тұрғылықты мекенжайы бойынша емханадан жолдама арқылы.

 

 

 

Бауырды трансплантаттаудың күту парағына қосу.
Бауырды, бүйректі трансплантаттаудан кейінгі консультация

Сейдахметов Ахмет Машырапұлы,

Досжан Айнур Дүкенбайқызы

 

 

Сейдахметов Ахмет Машырапұлы

Мына телефондар бойынша алдын ала жазылу:

8 (7172) 57-75-36, сейсенбі және жұма күндері сағат 14:30-дан бастап, кезек тәртібінде, тұрғылықты мекенжайы бойынша емханадан жолдама арқылы.

Алдын ала келісу бойынша мына телефонға хабарласыңыз: 8 (7172) 57-75-36

Бөлім жетекшісі : PhD, Досқали Марлен Ақмырзаұлы

Аға ординатор:  Сейдахметов Ахмет Машырапұлы

Хирург-дәрігер: Құлмаганбетов Айдос Қалдыбекұлы
Гепатолог-дәрігер: Досжан Айнұр Дүкенбайқызы

doskali-marlen-akmyrzauly

Доскали Марлен Акмырзаулы

Руководитель отдела
ТОЛЫҒЫРАҚ ХАТ ЖАЗУ
sejdahmetov-ahmet-mashyrapovich

Сейдахметов Ахмет Машырапович

старший ординатор
ТОЛЫҒЫРАҚ ХАТ ЖАЗУ
doszhan-ajnur-dukenbajkyzy

Досжан Айнур Дүкенбайқызы

врач-гепатолог
ТОЛЫҒЫРАҚ ХАТ ЖАЗУ
Күні: 27.09.2017 Уақыты: 09:27
День рождение новой жизни!

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

ТОЛЫҒЫРАҚ ›
Күні: 5.09.2017 Уақыты: 09:02
Применение клеточных технологий в лечении трофических язв

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

ТОЛЫҒЫРАҚ ›
Күні: 5.09.2017 Уақыты: 05:43
ГЕПАТОПУЛЬМОНАЛЬНЫЙ СИНДРОМ

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

ТОЛЫҒЫРАҚ ›
Күні: 4.09.2017 Уақыты: 09:03
ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ПОЧКИ: РЕЗУЛЬТАТЫ ТРЕХЛЕТНЕГО ОПЫТА НАЦИОНАЛЬНОГО НАУЧНОГО МЕДИЦИНСКОГО ЦЕНТРА

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

ТОЛЫҒЫРАҚ ›
Күні: 15.09.2016 Уақыты: 19:47
В рамках Всемирного дня борьбы с гепатитом в АО «ННМЦ» прошла научно-практическая конференция

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

ТОЛЫҒЫРАҚ ›
Жаркынбаева Жанаткуль / Тараз

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

11.05.2017 04:58
Жауап беру
Рахимжанова

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

25.04.2017 09:26
Жауап беру
Кабуров Иван

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

6.03.2017 12:01
Жауап беру
Хатыпова Гульсара Хасановна

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

6.03.2017 11:40
Жауап беру
Кабтанова Алма Абдыбаевна / Астана

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

6.03.2017 11:14
Жауап беру
Гульнара Никифорова

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

31.01.2017 05:55
Жауап беру