Эндокринология

Эндокринолог — эндокринді жүйенің ауруларын диагностикалау мен емдеумен айналысатын дәрігер. Орталықта қабылдауды мол тәжірибесі бар, ішкі секреция бездері ауруларымен байланысты кез келген проблемаларды табысты шешуші жоғары білікті мамандар қабылдайды. Біз кәпікерлердің үздік тобын жинадық, олардың тәжірибесін бүгінгі күні көптеген ресейлік, сондай-ақ шетелдік әріптестер қабылдайды.

 

Эндокринологқа қандай белгілермен жүгінуге болады

  • Үздіксіз шөлдеу, ауыздағы құрғақтық;
  • салмақтың бірден ауытқуы, артық салмақтың немесе оның кемшіліктерінің болуы;
  • несептің шығуының жиі келуі;
  • мойындағы жайсыздықты сезіну, мойынның алдыңғы бөлігінің көлемінде ұлғаюы, тыныс алу және жұту кезіндегі қиындықтар;
  • ісіктер, көздегі құрғақтық, көз жасының ағуы;
  • тез шаршау, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі, жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, есте сақтаудың бұзылуы, жиі бас аурулары;
  • байқалмайтын себепсіз саусақтар мен аяқтардағы діріл, қолдың буындары мен бұлшық еттердегі, омыртқадағы ауыру;
  • тұрақсыз етеккір циклі, аменорея, ұрықталумен қиындықтар, өздігінен болатын түсіктер;
  • аритмия, жоғары мазасыздық, себепсіз қорқыныш ;
  • көздің жітілігінің бірден төмендеуі;
  • бөртулердің болмауы кезінде терідегі қышу;
  • тәбетпен проблемалары, жиі іштің қатуы;
  • шамадан тыс терлегіштік;
  • шаштың түсуі немесе керісінше, олардың тым қарқынды өсуі.

Бұдан өзге, егер сіз тәуекел тобына қатысты болсаңыз, эндокринологқа қабылдауға жазылу қажет. Оған қант диабетімен ауыратын адамдардың жақындары, қалқанша безі ауруы бар, инсультті немесе инфарктты басынан өткерген адамдар кіреді. Бұған қоса, егер сіз жүктілікті жоспарлап жүрсеңіз, эндокринологтың консультациясы міндетті түрде қажет.

40 жастан асқан адамдарға, сондай-ақ жасына қарамастан артық салмағы бар пациенттерге эндокринологтың қарауына жыл сайын жазылу керек және қантқа қан тапсыру қажет.

Эндокринологқа қабылдау қалай жүргізіледі

Эндокринологтың консультациясы — бұл эндокринді патологияны дамыту себептері мен оларды профилактикалау әдістері туралы көбірек білуге болатын тамаша мүмкіндік.

Эндокринологқа қабылдау терапевтке классикалық қабылдаудан соншалықты ерекшеленбейді және келесілерді қамтиды:

  • тексеру, бойды, салмақты өлшеу;
  • анамнезді жинау;
  • зерттеудің нәтижелерін зерттеу;
  • диагнозды қою;
  • емдеудің дербес бағдарламаларын әзірлеу;
  • сауықтыру бағдарламаларын іріктеу.

Сіз қойылған диагноз және белгіленген емдеу бойынша толық түсіндіру аласыз. Тексерістің нәтижесіне қарай ақылы эндокринолог қосымша зерттеулер жүргізуді белгілеуі мүмкін. Сондай-ақ дәрігер тамақтануды нормаға келтіруге және өмір сүру салтын өзгертуге қатысты ұсыныстар береді және дербес емдеу диетасын таңдап береді. Эндокринологтың кабинеті қандағы қанттың мөлшерін, микроальбуминурияны және несептегі кетондық денелердің болуын айқындауға жедел диагностиканы өткізу үшін барлық қажетті материалдармен жабдықталған.

Эндокринолог қандай ауруларды емдейді

  • тиреоидит, гипотиреоз, гипертиреоз, уландырғыш, эндемиялық және түйінді жемсау;
  • гиперпролактинемия, Кушинг ауруы, қантсыз диабет;
  • қант диабеті, диабеттік табан синдромы;
  • акромегалия (өсу гармонының артық өндірілуі);
  • бүйрек үсті жеткіліксіздігі;
  • семіру;
  • созылмалы шаршау синдромы;
  • гипогликемия;
  • қозулық әрекетсіздік;
  • бедеулік (аналық және аталық);
  • остеопороз;
  • лактоацидоз;
  • етеккір алдындағы синдром, аменорея, Штейн-Левенталь синдромы және т.б.

Аса таралған эндокринді паталогия – қант диабеті мен семіру болып табылады.

Кандай диагностика жүргізіледі

Бұдан өзге, маман диагностикалаудың келесі зертханалық-аспапты әдістерін пайдаланады:

  • гормондық фонды зерттеу;
  • қалқанша безін УДЗ, КТ, МРТ;
  • қанттың деңгейінде қанды талдау;
  • қалқанша безін сцинтиграфиялау;
  • гликолизді гемоглобинді айқындауға қанды талдау;
  • глюкозотолерантты тест;
  • толық липидограммамен қоса қанды биохимиялық талдау.

Біздің Орталықтың эндокринолог-дәрігері жүргізілген кешенді диагностикалау негізінде жалғыз ғана дұрыс диагноз қояды, сауатты емдеу белгілейді, терапияның қарқынын және оның әрекетінің нәтижесін бақылайды.

Эндокринологқа қабылдауға жазылу

Эндокринологқа сайттағы онлайн-нысан немесе біздің байланыс телефонымыз +7 7172 57 78 23 арқылы жазылуға болады

zhannat-satybaevna

Таубалдиева Жаннат Сатыбаевна

руководитель службы клеточной терапии
ТОЛЫҒЫРАҚ ХАТ ЖАЗУ
trimova-rahat-samataevna

Тримова Рахат Саматаевна

врач- эндокринолог
ТОЛЫҒЫРАҚ ХАТ ЖАЗУ