Гастроэнтерология

Гастроэнтеролог — бұл асқазан-ішек жолын, өт қабы мен бауырды диагностикалайтын және емдейтін дәрігер. Орталықта емдеудің ең прогресшіл және тиімді әдістерін пайдаланушы, жоғары кәсіпті біліктілігі бар мамандар жұмыс істейді.

Гастроэнтерологқа қандай белгілермен барады:

  • тамақтан кейін қыжылдың жиі туындауы;
  • дәреттің жиі бұзылуы (іш қату, іш өту, калдың өзгеше түсі, онда қанның немесе шырыштың бөлшектерінің пайда болуы);
  • ішектерде, асқазанда немесе оң жақтағы қабырға астында ауырлық пен ауырудың сезінуі;
  • кекірік, лоқсу, ауыздан жағымсыз иіс, ауыздағы күйіктің дәмі;
  • жұқпайтын терідегі бөртулер;
  • терінің, тырнақтың, шаштың жағдайының себепсіз нашарлауы;
  • іштің жүйелі кебуі, метеоризм.

Егер сіз ұзақ уақыт бойы кандай да бір медициналық дәрі-дәрмектерді қабылдауға немесе радио немесе химиятерапиядан өтуге тура келсеңіз, гастоэнтерологтың тексеруінен міндетті түрде өтуіңіз қажет.

Орталықтағы гастроэнтеролог қандай қызметтер ұсынады:

Егер сізді қыжыл, іштегі мерзімді ауырулар, дәреттің кез келген бұзылуы мазаласа, тәжірибелі гастроэнтерологтың толық кеңесін алу мүмкіндігін пайдаланыңыз. Заманауи құралмен жабдықталған үздік диагностикалық база мен жеке меншік зертхана бізге кез келген патологияны, оның дамуының бастапқы кезеңінде де жедел анықтауға мүмкіндік береді.

Диагностика мен емдеу қолайсыздықсыз, аурусыз және күйзелусіз жедел, әрі максималды ықпалды жүргізіледі. Біздің гастроэнтерологтар әлемдік медициналық тәжірибеде аса нәтижелі болып танылған зерттеудің үздік әдістерін пайдаланады.

Гастроэнтеролог-дәрігерге қабылдау қалай жүргізіледі

Қабылдауда дәрігер толық анамнез жинайды – сізден шағымдар, тамақтанудың сипаты, өмір сүру салты, бастан өткен аурулар, тұқым қуалаған бейімділік туралы сұрастырады. Бұдан кейін маман бұрында өткізілген тексерудің мәліметтерімен танысады және тексеруді жүргізеді.

Тексеріп қараудан кейін гастроэнтеролог қажетті тексерісті тағайындайды, пациенттің ауру ағымының толықтылығын және ағзасының жеке ерекшеліктерін ескерумен, жеке диетаны және емдеу сызбасын әзірлейді.

Гастроэнтеролог қандай ауруларды емдейді

Гастроэнтерологтың құзыретіне асқорыту жолы органдарының – асқазанның, өт қабының, ішектердің, көкбауырдың, ұйқы безі мен бауырдың бірнеше патологиялық жағдайының кең түрі кіреді. Егер сіз келесі аурулардан азап шексеңіз, гастроэнтерологтың қызметтері өте қажет:

  • дисбактериоз, колит,  түршіккен ішектер синдромы;
  • дуоденит, гастрит;
  • өт қабының дискинезиясы, өт-тас ауруы, холецистит;
  • панкреатит;
  • май жиналатын гепатоз, цирроз, гепатит;
  • асқазанның ойық жара ауруы және он екіелі ішектің ауруы;
  • холангит, энтероколит;
  • дисфагия, қыжыл, құсу, метеоризм, іш қату және т.б.

Егер осындай ауруларды емдеуді уақытында бастамаса, бұл қатерлі жаңадан өскіндердің дамуымен қоса, ауыр салдарға алып келуі мүмкін екендігін атап өту қажет. Ішек-қарын жолы органдарының теріс немесе қажетсіз жұмысы кезінде ағзаның жалпы жағдайы нашарлайды және өмір сүру сапасы төмендейді.

Ас қорыту жүйесінің көптеген аурулары жасырын дамиды және біршама асқынған түрде байқалады:

  • Дуоденит және гастрит — асқазанның шырышты және он екі елі ішектің ісіп қызару аурулары, олардың 90%-ы созылмалы түрге ие болады. Үздіксіз ісіп қызару процессі асқазанның шырышты қабатының атрофиясына және ойық жараның дамуына ұрындыруы мүмкін, бұл өз кезегінде обырдың даму қатері туындауы мүмкін;
  • Гастроэзофагиальнаярефлюксті ауру — қыжылды және өзге де жағымсыз белгілердің пайда болуын қоздыру арқылы асқазанның ішіндегі шағын бөлігі қайтадан өңешке барып түсетін патологиялық жағдай. Көбінесе жүрек қағысының бұзылуын, төс тұсындағы ауыруды және жайсыздықты қоздырып, жүректің бұзылу симптоматикасымен бүркеледі.

Біздің Орталықтың мамандары ас қорыту жүйесінің ауруларын емдеуде кешенді тәсілді ұстанады. Жеке зертхананың, заманауи емдеу-диагностикалық жабдықты қоса, қуатты базаның болуы кез келген паталогияны бастапқы кезеңінде айқындауға және тиімді емдеудің максималды жеңіл нұсқасын теңдестіруге мүмкіндік береді.

Біздің мамандардың бірінші кезектегі міндеті аурулардың себептерін жете айқындау және оларды прогресшіл әдістердің, ең жаңа атқарымдардың, соңғы буындағы дәрі-дәрмек құралдарының, диеталардың және тиімді кешенді сауықтыру бағдарламаларының көмегімен жою болып табылады.

Гастроэнтерологқа қабылдауға жазылу

Гастроэнтерологқа сайттағы онлайн-нысан немесе біздің байланыс телефонымыз +7 7172 57 78 23.арқылы жазылуға болады

dosataeva-gulmira-sabitovna

Досатаева Гульмира Сабитовна

врач-гепатолог
ТОЛЫҒЫРАҚ ХАТ ЖАЗУ
tamabaeva-lyazzyat-zhanbekovna

Тамабаева Ляззат Жанбековна

врач-гастроэнтеролог
ТОЛЫҒЫРАҚ ХАТ ЖАЗУ
ibragimova-lyajlya-sejlbekovna

Ибрагимова Ляйля Сейлбековна

врач-гастроэнтеролог
ТОЛЫҒЫРАҚ ХАТ ЖАЗУ
Абай Алимбаев

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

30.01.2017 12:16
Жауап беру