Хирург-онколог

Хирург-онколог — қатерлі ісіктерді операциялайтын дәрігер.

Хирурга-онкологтың қабылдауы қалай жүргізіледі

  • анамнезді жинауды;
  • тексеруді;
  • зерттеу нәтижелерін зерделеуді;
  • диагноз қоюды;
  • емдеудің жеке бағдарламасын әзірлеуді қамтиды.

Хирург-онколог қандай ауруларды емдейді

  • Ауыр лейкоздар – қалыпты қантүзілімнің нашарлауымен ілесетін сүйек кемігіндегі жетілмеген бластық жасушалардың таралуы.
  • Лимфогранулематоз – өзге тіндер мен ағзаларға метастаздық жолмен таралатын лимфожүйелердің бастапқы ісік аурулары.
  • Тері меланомасы – меланинді қоздыратын дамушы пигментті жасушалар, қатерлі ісік .
  • Миеломалық ауру – сүйек кемігі плазматикалық жасушаларының қатерлі ісігі. Ұлғайып, сүйек тіндерінің бұзылуын тудырып, өзге де ағзаларға кіретін қасиеті бар.
  • Нейроэндокринді ісіктер (карциноидті ісіктер, аралдық жасушалар ісігі, карциноид, гастроэнтеропанкреатикалық ісіктер). Өкпедегі, асқазан-ішек жолындағы, аналық бездегі, тимустағы, бүйректегі, қуықалды бездегі, сүт безіндегі, терідегі, қалқанша безіндегі және өзге де ағзалардағы нейроэндокрин жүйесі жасушаларын зақымдайды.
  • Жұмсақ тіндер саркомасы. Бұл кез келген қаңқадан тыс эпителиальді тіндердің ісіктері – бұлшықет, майлы, лимфалық, синовиалық тіндер, қан тамырлары, мезотелия, симпатикалық ганглия, перифериялық жүйке және т.б.
  • Көкірек ісіктері – өкпелердің арасында көкірек қуысында дамитын ісіктер. Онкологиялық аурулардың жалпы санынан шамамен 6%-ды құрайды.
  • Орталық жүйке жүйесі ісіктері – бас миы мен жұлын жасушаларында, сондай-ақ олардың қабығында пайда болады.
  • Жатыр миомасы – әйелдер ауыратын, аса жиі кездесетін қатерсіз ісік.

Онкологиялық ауруларды диагностикалау

Онколог-хирург алдымен пациентке бастапқы тексеру жүргізеді, анамнез жинайды, шағымдарын нақтылайды, ағзалар мен қоршаған лимфо түйіндерін пальпациялайды. Бұдан әрі зерттеулер басталады: рентгенологиялық, ультрадыбыстық, онкомаркерлерге қанды талдау, қанға жалпы талдау. Тіптен қанның жалпы талдауынан болымсыз бірдеңені байқауға болады. Лейкоциттердің саны кенеттен артады, эритроциттердің тұну реакциясы, сондай-ақ гемоглобин төмендейді. Егер нәтижелер дәрігерді алаңдатса, ол пациентті қанға биохимиялық талдау тапсыруын сұрайды.

Ісіктің дамуы және көлемі туралы онкомаркерлерге қанды талдау: обыр ауруына шалдыққандарда деңгейі артатын спецификалық ақуыздар. Бұл ақуыздар кейбір мөлшерде барлық адамдарда болады.  онкомаркерлерге қанды талдау құндылығы – бұл ақуыздардың өсу қарқынында.

 Хирург-онкологқа қабылдауға қалай жазылуға болады

Хирург-онкологқа қабылдауға сайттағы онлайн-нысан арқылы немесе  +7 7172 57 78 23 телефонына хабарласу арқылы жазылуға болады

elchibaev-berdybek-myrzagalievich

Ельчибаев Бердыбек Мырзагалиевич

врач-хирург
ТОЛЫҒЫРАҚ ХАТ ЖАЗУ