Нефрология

Нефролог – бұл несеп шығару жүйесі ауруларын диагностикалаумен, емдеу мен алдын алумен айналысатын дәрігер. Нефрологиялық аурулар ашық көрінген белгілерсіз ақырын дамиды, нефрологқа уақытында бару – ауруды бастапқы кезеңінде анықтауға және оның дамуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

Орталықта бүйректің және несеп шығару жолдарының күрделі ауруларын үздік емдейтін жоғары білікті мамандардың көмегін пайдалана аласыз.

Нефрологқа қандай белгілермен бару қажет

Бүйрек маңызды қызмет атқарады – зат алмасу өнімдерін, токсиндер мен өзге де зиянды қоспаларды шығаруға жауап береді. Егер олардың жұмысында қандай да бір ақаулар туындаса, бұл барлық ағзаның тіршілік әрекетінде байқалады. Дегенмен бүйрек пен несеп шығару жүйесі аурулары жиі айқын көрінетін белгілерсіз өтеді және белгілі бір кезде ауру кенеттен күшейе түседі, кейін бірнеше ауыр асқынулардың дамуына алып келеді.

Нефрологқа мынадай белгілер анықталған кезде қабылдауға жазылу қажет:

  • белдің бір жақты және екі жақты ауыруы,
  • Несеп шығарудың бұзылуы. Бұл анурия болуы мүмкін (несеп шығару мүлдем тоқтап қалу кезіндегі жағдай), олигурия (несеп шығару өте сирек болады), полиурия (шығарылатын несептің мөлшері артады),
  • Гематурия (несепте қан пайда болады).
  • Протеинурия (несепте ақуыздың пайда болуы).
  • Несептің түсі мен иісінің өзгеруі.
  • Несеп шығару кезінде ауырсыну.
  • Айқын себептерсіз дене температурасының артуы (мысалы, салқын тигеннен болатын аурулардың белгілерісіз).
  • аяқ пен беттің айқын ісуі.

Кейбір белгілер кезінде нефрологтың үздіксіз бақылауында болу қажет. Егер сізде бүйректің созылмалы ауруы, артериялық гипертензия, несеп шығару жүйесі инфекциялары анықталса, нефрологқа баруды кейінге қалдырмаңыз.

Нефрологтың жедел консультациясы қажет жағдайлар:

  • бел тұсындағы белгісіз қатты сыздау.
  • бүйректің шаншуы.
  • несеп шығару жүйесі зақымдалса.
  • несептің қатты кідіруі байқалса.

Біздің Орталықта тәжірибелі мамандар сіздердің белгілеріңізді мұқият тексереді, қажетті диагностика жүргізеді және бүйрек пен несеп шығару жүйесінің кез келген ауруларын сауатты емдеу белгілейді.

Нефрологтың қызметтері

Орталығымыздың нефролог-дәрігерлері нефрологиялық аурулардың кең спектрін емдеу бойынша қызметтер көрсетеді. Клиникада емдеудің сәтті нәтижелерін бекітуге мүмкіндік беретін қажетті оңалту іс-шаралары жүргізіледі.

Орталықта зертханалық зерттеулердің барлық түрлерін орындауға болады және аспаптық диагностикалаудың заманауи әдістерін пайдалануға болады. Бұл бүйрек ауруы дамуының бастапқы кезеңінде оның жұмысындағы бұзушылықты диагностикалауға және қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Мамандардың жоғары біліктілігі және жаңаша жабдық экстректорлы урография, бүйрек пен қуыққа УДЗ сияқты зерттеулердің жоғары сапасына кепілдік береді. Зерттеулер дәлдігінің арқасында бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін бағалауға болады және оның күшейе түсуінің алдын алуға барлық мүмкіндікті жасауға болады.

Нефрологтың қабылдауына жазылу қалай жүргізіледі

Қабылдауда нефролог-дәрігер аурудың белгілерін айқындау үшін әңгімелесу жүргізеді. Нефролог өмір сүру салтын нақтылайды, бүйрек пен несеп шығару жүйесі ауруларына тұқым қуалаушылыққа бейімділігін айқындау үшін қажетті сұрақтар қояды. Аурудың толық көрінісін алу үшін маман қажетті зерттеулер белгілейді.

Нефрологқа қабылдауға жазылу қарсаңында кейбір ережелерді сақтау сізге тексеруге дайын болуға, ал дәрігерге тезірек диагноз қоюға көмектеседі.

Мүмкіндігінше, дәрігерге барудың алдында көп мөлшерде сұйықтық, дәрі ішпеңіз (немесе қабылдауда дәрігерге қандай дәрі ішіп жүргеніңізді хабарлаңыз) Алкоголь мен шылым шегуден бас тартыңыз.

Нефролог қандай ауруларды емдейді

Нефролог-дәрігер мынадай ауруларды емдеумен айналысады:

  • Пиелонефрит (бүйректің паренхимасы мен тостақшалы-түбекшелі жүйесін зақымдайтын жұқпалы-ісіп қызару ауруы).
  • Гломерулонефрит (иммунді деңгейде бүйрек шумақшасының зақымдалуы).
  • Несеп шығару жолдарының инфекциялары.
  • Несеп-тас ауруы.
  • Бүйрек амилоидозы (амилоидтің пайда болуын қоздыратын бүйректегі заттек алмасуының бұзылуы).
  • Бүйрек патологиясымен қатар келген гипертониялық ауру.
  • Айырбас және диабеттік нефропатия .
  • Бүйректің дәрімен зақымдануы (белгілі бір дәрі заттарын қабылдау жағдайында бүйрек қызметінің бұзылуы).
  • Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі.

Бүйрек және несеп шығару жүйесін диагностикалау

Бүйрек ауруларын емдеу сәтті болу үшін дәл диагностика жүргізу қажет.

Нефролог-дәрігер зерттеудің зертханалық әдістерін пайдаланады, олар қандағы қажетті заттектер – фосфатты, креатининді, несепнәрді, электролиттерді, СОЭ және қабынудың болуын анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеудің аспаптық әдістері қосымша белгіленуі мүмкін:

  • ангиография (бүйректі рентгенологиялық зерттеу).
  • бүйрекке және қуыққа УДЗ.
  • бүйрекке компьютерлік томография.
  • урография.
  • бүйрекке МРТ.
  • цистоскопия.

Уақытылы диагностика –  мезгілінде дұрыс ем белгілеу мен бүйрек ауруының күрделі асқынуларын болдырмауға мүмкіндік береді.

Нефрологқа қабылдауға қалай жазылуға болады

Нефрологқа қабылдауға сайттағы онлайн-нысан немесе  +7 7172 57 78 23 телефонына хабарласу арқылы жазылуға болады.

saltanat-kenesovna

Туганбекова Салтанат Кенесовна

руководитель отдела
ТОЛЫҒЫРАҚ ХАТ ЖАЗУ
orazbaev-gani-azhimuratovich

Оразбаев Гани Ажимуратович

Руководитель отдела
ТОЛЫҒЫРАҚ ХАТ ЖАЗУ
Жанар Ильясова

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

30.01.2017 13:42
Жауап беру