Емхана туралы

«Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың» емханасы – көпбейінді медициналық мекеме. Егер Сіз өзіңіздің денсаулығыңызды бағаласаңыз, өзіңізге жақын жандардың қамын жесеңіз, Сізге көмек көрсетуге дайынбыз. Бұл жерде әр пациентке, оның мінезі мен дертінің күрделілігіне қарамастан, ерекше көңіл бөлеміз.

Дәрігерлер аурудың асқынған жағдайында емес, алдын ала келуге кеңес береді. Дәрігерге жиі бару – денсаулықтың үздік кепілдігі болып табылады. Бастапқы кезеңде анықталған ауруды емдеу – уақыт пен күш жұмсауды азайтады. Әртүрлі бейіндегі жоғары білікті мамандардың уақытылы кеңестері тиісті деңгейде ағзаның жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Біздің орталық – бұл сапалы диагностикалау және күрделіліктің кез келген деңгейіндегі ауруларды емдеу.

Не себептен біздің емханаға қаралу керек?

Сіз өзіңіздің денсаулығыңызды ойлап, тек қана сапалы қызметті қалайсызба? Сіз оларды «ҰҒМО» АҚ-ның көпбейінді медициналық орталығында алуыңызға болады! Егер Сіздің көңіл-күйіңіз бірден төмендеп кетсе, біздің емханамызда Сіз үшін кешенді диганостикалау жүргізілетін болады. Біз сіздің сырқатыңыздың себебін міндетті түрде табамыз. Егер сырқаттың себебі аурудың бастапқы кезеңінде табылса, емдеу үлкен нәтиже береді.

Біздің пациентке көмек керек болған кезде, біз аса күрделі міндеттерді шешуге тартынбаймыз. Біздің медициналық орталықта жұмыс істейтін әрбір дәрігердің кәсіпкерлігіне 100%-ға сенімдіміз. Біздің штатта ғылым докторлары, кандидаттары және жоғары санаттағы дәрігерлер бар. Егер Сіз аз уақыт жұмыс істеп жүрген дәрігерлерге сенімсіздік танытсаңыз, біздің емханаға келіңіз, барлық күдіктеріңізді сейілтіңіз – бұл жерде еліміздің үздік кадрлары қызмет атқарады! Біз заманауи медицинаның барлық бағыттары бойынша сапалы емдеу жүргіземіз.

Егер Сізде денсаулық жағдайыңызға қатысты мәселелер туындаса – міндетті түрде біздің орталыққа келіңіз, тәжірибелі дәрігер Сізге жоғары деңгейде кеңес береді.

Емхананың емдеу бағыттарының тізімі:

  • Терапия;
  • Гинекология;
  • Пульманология
  • ЛОР;
  • Хирургия;
  • Кардиология;
  • Аритмология
  • Ревматология;
  • Офтальмология;
  • Гастроэнтерология;
  • Дерматология;
  • Маммология;
  • Проктология
  • Нефрология;
  • Проктология;
  • Физиотерапия;
  • Эндокринология;
  • Неврология;

ҮЗДІК ДӘРІГЕРЛЕРбізде!

«ҰҒМО» АҚ-ның емханасында әртүрлі бағыттардағы тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Бұл пікірлес, кәсіпқой, жоғары біліктілікті дәрігерлердің тобы.

Күн сайын емхананың қызметкерлері медициналық көмектің кәсіпқой, жедел және қолжетімді болуға міндетті екенін өздерінің жұмыстарымен дәлелдейді. Әрбір маман – бейімділігі бойынша дәрігер.

Емдеудің маңызды кезеңдерінің бірі – дәл және уақтылы диагностика. Барлық біздің штаттағы дәрігерлеріміз – сол немесе басқа салада белгілі бір мамандануы бар дәрігерлер. Осының арқасында кез келген біздің маман сол немесе өзге аурудың барын алдын ала диагностикадан өткізе алады. Сондықтан біздің дәрігерлерге кез келген медициналық проблемамен жүгінуге болады.
Егер Сізге өте жақсы гинекологқа, урологқа, дерматологқа немесе кез келген өзге маманға жүгіну керек болса, онда оларды бізден таба аласыз. Бұл жерде сіз жетекші дәрігерлердің білікті кеңесін аласыздар, сондай-ақ кез келген емдеуді жүзеге асырасыздар.

ЖОҒАРЫ САПАЛЫ ЖАБДЫҚ — НӘТИЖЕЛІ ЕМДЕУ КЕПІЛІ!

Біздің мақтанышымыз – мамандар мен жоғары класты жабдық болып табылады. Біз оның әрдайым жаңарып тұруына қаражатты аямаймыз, себебі пациенттің денсаулығы – бәрінен де жоғары. Жетекші әлемдік өндірушілердің үздік аппараттары бізге ауруды дәл диагностикалауға, сондай-ақ ең сапалы, әрі қауіпсіз манипуляциялар жүргізуге мүмкіндік береді. Біздің медициналық орталықтағы барлық зерттеулер мен емдеу процедуралары толық  құпиялықты сақтаумен жүргізіледі.

kalima-tastambekovna

Купенова Калима Тастамбековна

руководитель отдела
ТОЛЫҒЫРАҚ ХАТ ЖАЗУ
Юлия Попова

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

30.01.2017 12:03
Жауап беру
Зарина Мамирова

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

30.01.2017 11:55
Жауап беру
Слова благодарности

Извините, но эта статья доступна только на орыс тілі.

30.01.2017 11:51
Жауап беру