БОС ОРЫНДАР

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ – көп бейінді клиника, бізде мықты бір топқа біріккен 1200 адам еңбек етуде, олар жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмек көрсету нарығында көшбасшылық позицияларда.

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ сенімге, өзара көмек көрсетуге және жауапкершілікке негізделген өзінің ұжымындағы игілікті атмосферасын мақтан тұтады. Кадрларды іріктеу кезінде «Үздік ұйымға – үздік кадрлар!» девизін ұстанамыз.

Егер Сіз өзіңіздің кәсібіңізде – білімге және жаңа ашылуларға талпынсаңыз, егер Сіз ниеттестердің біріккен және белсенді тобында жұмыс істеуді армандасаңыз, егер Сіз өзіңіздің жұмысыңызды мақтан тұтқыңыз келсе және өзіңіз бен қоршаған ортаңызды жақсы жаққа ауыстырғыңыз келсе – «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-ның отбасына қош келдіңіз!

Адами ресурстарды нығайту және кадрлық ресурстарды тиімді басқару – «ҰҒМО» АҚ-ның жалпы стратегиясымен келісілген Құндылықтар тізбегі және белсенділендірілген кадрлық Саясат арқылы жүзеге асырылады.

Біз жұмысты автоматтандыру бойынша тәсілдерді жақсарттық, ішкі және сыртқы қарым-қатынастардың мүмкіндіктерін кеңейттік («Электрондық құжат айналым» жобасы, телекоммуникация жүйесін модернизациялау, телемедициналық технологияларды дамыту, БДСЖ, Интернет желісіне кіру жылдамдығын арттыру) және кәсіпкерлік жарамсыздықпен байланысты себептерді болдырмау үшін жұмыстан шығып кеткен қызметкерлердің сауалнамасын қосып, персоналдың қанағаттану сауалнамасын өзектендірдік. Ғылыми қызметкерлерде және негізгі процестердің барлық персоналында дистанциондық жолмен білімін кеңейту үшін дүниежүзілік электрондық кітапханаға кіру рұқсаты бар. Көшбасшылықты дамытудың арқасында клиникалардың, департаменттердің лайықты басшыларын тәрбиеледік (51 адам), өзіміздің компаниямыз үшін 37 жетекшіні тәрбиелеп шығардық.

 

Бізде жұмыс істеу арқылы неге қол жеткізесіздер?

  • Әділетті, айқын және түсінікті жұмыс ережелері
  • Жауапқа қабілетті, жылы шырайлы және талапты басшылар.
  • Тамаша адамдардың жоғары назары.
  • Әріптестермен адал және ашық қарым-қатынас.
  • Күрделі тапсырмалармен үздік жұмыс тәжірибе.
  • Сіздердің кәсіптік, іскерлік, жеке және дербес қажеттіліктеріне айрықша назар.
  • Кәсіптік өсу мүмкіндігі.

Персоналды іріктеу қалай жүзеге асырылады?

Персоналды іздеу және іріктеу біздің ұйымның құндылықтарымен байланысты: клиентке пайдалы болу, қатынаста ашық, белсенді болу, біртұтас топта жұмыс істеу, өзгелерден ерекшелену батылдығының болуы және әрдайым жеңіске қол жеткізу ниеті. Егер Сіз біздің құндылықтарды өзіңізге жақын тартсаңыз, іріктеуден өткеннен кейін Сіз де біздің Компанияның қызметкері бола аласыз. Іріктеудің және қызметкерлерді жалдаудың негізгі процессі арқылы компаниямызға құндылықтары мен біліктілігі біздің Компанияның құндылықтарымен қиылысатын тұлғаларды жұмысқа алуға тырысамыз.

Жалпы қызметкерлерді іріктеу процессі келесі кезеңдерден тұрады:

  • CV талдау.
  • Сұхбат.
  • Кейбір лауазымдарға конкурс кезінде арнайы тапсырмалар және/немесе тесттер.
  • Фондық ақпаратты тексеру.
  • Шешім қабылдау.

Іріктеу процессіне Сіздің мүмкін жетекшіңіз және кадр бөлімінің маманы қатысады, ал басқарушы орындарға Басқарма Төрағасының орынбасарлары мен тікелей Басқарма Төрағасымен сұхбат жүргізеді. Үміткердің негізгі біліктілігіне және оның кәсіптік дағдыларына айрықша көңіл бөлінеді. Осы арқылы Сізге тәжірибеңіз лауазымға сәйкес келетін конкурсқа қатысу туралы ұсыныс жасауымыз мүмкін.

Анықтама алу үшін Кадр бөліміне хабарласыңыздар: 
Әкімшілік корпусы, 11-кабинет, тел. 577410, 577606
Түйіндемені 676271@mail.ru электрондық поштасына жолдаңыздар.