Орталық туралы

mission-img

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Астанада 240 орынға арналған Республикалық клиникалық аурухананың құрылысы басталды. Нысанды британдық компания «ФитцпатрикКонтракторс» Англиядағы корольдік клиникасына ұқсатып тұрғызды.

Ашылу салтанаты 2001 жылдың қыркүйегінде болды. Сол кезден бастап клиниканың мәртебесі екі рет өзгерді: Республикалық клиникалық ауруханадан – РМК-ға (2003 ж.), кейін «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-ға өзгерді (2010 ж.).

2005 жылдан бастап «ҰҒМО» АҚ Еуро-Азиялық респираторлық қоғамның (ЕАРҚ) штаб-пәтері болып табылады. Осы қызметінің арқасында 2007 жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бөлімшесі – респираторлық аурулармен күрес жөніндегі Жаһандық альянстың (GARD) құрамына кірді. 2007 жылдың қазан айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Денсаулық сақтау ассамблеясы» қоры «ҰҒМО» АҚ-ға «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша Халықаралық премияның лауреаты атағын берді.

Қазақстанда кардиохирургияны дамыту стратегиясын жүзеге асыру үшін 2003 жылы Ұлттық ғылыми медициналық орталығында кардиохирургия қызметі ашылды, онда 2004 жылдың сәуір айында ашық жүрекке алғашқы операция жасалды. Бір жылдан кейін 2005 жылдың 28 ақпанында коронарлық стентті орнату бойынша интервенциялық араласуды іске асырды. 2008 жылы балалар кардиохирургия бөлімі және екінші ересектерге арналған кардиохирургия бөлімі ашылды, 2010 жылы интервенциялық кардиология бөлімі, 2012 жылы аритмология бөлімі ашылды.

Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендету бойынша стратегиялық мақсаттарды іс жүзіне асыра отырып, 2009 жылдан бастап біздің орталық еліміздің барлық кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметтерін үйлестірді. «ҰҒМО» АҚ-ның қызметкерлері жаңа клиникалар үшін жоғары технологияларды трансферттеу мен кадрларды даярлауды жүзеге асыра отырып, Қазақстанның барлық облыстарында және екі ірі қаласында – Астана мен Алматыда кардиоорталықтардың ашылуына қолдау көрсетті.

2012 жылдан бастап «ҰҒМО» АҚ-да органдар мен тіндерді трансплантациялау бойынша операциялар жасалуда, FDA шешімімен біздің орталық халықаралық зерттеу жүргізу үшін қауіпсіз клиникалар базасына енгізілді. Сапалы медициналық қызметтерді ұсынудың маңыздылығын түсіне отырып, «ҰҒМО» АҚ әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуға және басқару жүйесін дамытып, әрдайым жетілдіріп, өз саласындағы сапаның барлық халықаралық стандарттарына сәйкес келуге тырысады. 2010 жылдың маусым айында «ҰҒМО» АҚ Еуропалық Сапа менеджменті қоры (EFQM) моделінің «Мойындалған кемелдік – 4 жұлдыз» деңгейіне, 2012 жылдың қараша айында «Мойындалған кемелдік – 5 жұлдыз» деңгейіне сертификатталды.

Бұдан басқа, «ҰҒМО» АҚ-да диагностикалық зертханалар үшін халықаралық стандарттар енгізілді: BIO-Rad (США) компаниясының EQAS сапаны сыртқы бағалау, медициналық ұйымдар үшін аккредитациялаудың ұлттық стандарттары. Орталық алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің аккредитация стандарттары бойынша 98,7%-ға медициналық қызметтің сәйкестігі нәтижесімен сертификат алды.

2010 жылы телемедицина бөлімі ашылды, ол әріптестіктің географиясын кеңейтті, ал 2011 жылы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік енгізілді.

2010 жылы Еуропалық іскерлік қауымдастығы мен Еуроодақтың Сауда-өндірістік палатасы «ҰҒМО» АҚ-ны «Еуропаның медицина саласындағы үздік кәсіпорны» деп таныды, тиісті диплом табыстады. 2012 жылы «ҰҒМО» АҚ Азиялық сапа марапатының (ANQ, Гонконг) иегері болды, 2014 жылы медицина саласына жаңа технологияларды енгізгені үшін «Парыз» марапатына, ең үздік практика үшін Еуропалық марапатқа (Брюссель) және Еуропалық сапа марапатына (Италия) лайықталды. Сол жылы орталықтың мамандары ішкі органдардың паразиттік ауруларды емдеу барысында HIFU терапияны қолдану саласындағы жаңа зерттеулер ұсынды және Еуропалық «Сапалы инновация үшін» марапатын алды.

Орталық денсаулық сақтаудың және Қазақстанның медицина ғылымының аса өзекті бағыттарын дамытады және енгізеді. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек шеңберінде бағаналық жасушалардың әр түрлерінің пайдаланылған трансплантациялары клиникадағы ішкі аурулар мен хирургияның күрделі проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.  FDA (АҚШ) шешімімен «ҰҒМО» АҚ клиникалық халықаралық зерттеулерді жүргізу үшін қауіпсіз клиникалар базасына енгізілді.

 

«ҰҒМО» АҚ-да тиімді корпоративтік басқарудың қағидалары мен тетіктері қолданылады.

  • EFQM Моделінің Тұжырымдамалық тәсілдері мен критерилеріне, процестік және жүйелі тәсілдерге негізделген менеджменттің біріктірілген жүйесі әрекет етеді және бизнес процестер нәтижеліліктің мақсаттары мен көрсеткіштері бойынша басқарылады;
  • менеджмент әрдайым жетілдірілуде, бірте-бірте МС ISO 9001, МС ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001, ISO 31000, ISO 26000 және ISO 27000 талаптары енгізілді, белгіленген тәртіпте менеджменттің сертификатталатын ішкі жүйелеріне сәйкестігін сыртқы бағалау жүргізілуде ;
  • сапаның идеяларына шынайы берілген, әрдайым менеджмент және өзге кәсіптер бойынша білім сапасының деңгейін арттырушы білікті кадрлық әлеует, Орталықтан 41 маман Еуропалық сапа менеджменті қорында (EFQM, EOQ) сертификатталған;
  • орталық Халықтың жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім санын азайту бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің негізгі стратегиялық әріптесі болып табылады. Оқу орталығы құрылды, қан тамырлы синдромы бойынша оқудың стандарттары әзірленді; жүрек пен қан тамырлары ауруынан болатын өлім-жітімді азайту стратегиясын іске асыру үшін Қазақстанның барлық өңірлерінен кардиолог-дәрігерлерді оқыту жүргізілді.

Марапаттар және сертификаттар

2010 жылдың қазан айында Оксфордта (Ұлыбритания) Ұлттық ғылыми медициналық орталық «Үздік кәсіпорын» ретінде марапатталды.
In 2014, “National Scientific Medical Center” JSC was awarded with the "European Quality Award”, Zurich (Switzerland).
European award for the best activity, Brussels, 2014.
In November 2013, “National Scientific Medical Center“ JSC was awarded with the "European Quality Award", Oxford (Great Britain).
In November 2012, “National Scientific Medical Center” JSC was awarded with the Grand Prix for the European Quality, Geneva.
Compliance Certificates according to the "BIO-RAD" company (USA) program for external control of laboratory tests.
Compliance Certificates according to the "BIO-RAD" company (USA) program for external control of laboratory tests.
Compliance Certificates according to the "BIO-RAD" company (USA) program for external control of laboratory tests.
The title of the "Industry Leader 2015" of the National Business Rating Union.
"Asian Network for Quality" certificate, 2012, Hong Kong.
In 2014, “NSMRC” JSC was awarded with the “European award for the best practice 2014” (Brussels).
Свидетельство об аккредитации АО "Национальный научный медицинский центр" в качестве субъекта научной и научно-технической деятельности
Сертификат соответствия СТ РК OHSAS 18001-2008 (OHSAS 18001:2008) "Системы менеджмента профессиональной безопасности и здоровья. Требования"
Свидетельство об институциональной аккредитации
Сертификат соответствия СТ РК ИСО 9001-2009 . "Системы менеджмента качества. Требования"
Свидетельство об аккредитации на право проведения клинических исследований фармакологических и лекарственных средств
Свидетельство о специализированной аккредитации
Сертификат соответствия СТ РК ИСО 50001-2012 "Системы энергетического менеджмента. Требования и руководство по применению"