№2 интервенциялық кардиология бөлімі

Бөлімде жүректің жіті және созылмалы ишемиялық ауруы, ритағы мен өткізгіштігінің бұзылуы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, кардиомиопатиясы, ревматикалық емес миокардиті, артериялық гипертензиясы бар пациенттерді тексеру мен емдеудің арнайы әдістері қолданылады.

Емдеуге жатқызу бюро порталы бойынша жоспарлы тәртіппен ТМККК және МӘМС шеңберінде, өмірлік көрсеткіштер бойынша шұғыл тәртіппен және CHECK-up өткізу мақсатында ақылы негізде жүргізіледі. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дің жасушаларын пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу жобалары, оның ішінде халықаралық жобалар жүргізілуде.

Жүректің ритағы мен өткізгіштігінің бұзылуын, жүректің клапандық ақауларын, коронарлық және басқа артериялардың гемодинамикалық маңызды зақымдануларын және басқа ауруларды анықтаған кезде одан әрі хирургиялық араласу қажеттілігі туралы мәселе алқалы түрде шешіледі, бұл бір клиника шегінде қажетті толыққанды мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Көрсетілетін қызмет түрлері:

Коронарография және коронарлық артерияларды стенттеу

Бүйрек артериоангиографиясы, бүйрек артерияларын стенттеу

Төменгі аяқ артерияларының ангиографиясы

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі кезінде сүйек кемігінің мезинхималық аутологиялық жасушаларын трансплантациялау, сол жақ қарыншаның шығарылу фракциясы 40% - дан аз (3 ай бойы консервативті терапия тиімсіз болған жағдайда).

Байланыс: №2 АК бөлімінің посты 8 (7172) 57-78-02

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылайхана 42

Телефон

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Прейскурант

Науқастарға/Пациентам