Дипломнан кейінгі оқыту бойынша білім беру қызметтерін ұсынады:

«МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ»

«МАҚСАТТЫ РЕЗИДЕНТУРА»

Оқыту ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша қосымша білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

Құрметті денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары, кадр бөлімдерінің басшылары, әріптестер!

«ҰҒМО» АҚ-ның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы дипломнан кейінгі оқыту бойынша: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 788 бұйрығымен бекітілген Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша қосымша білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес медициналық және фарацевтикалық қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға Медициналық және фармацевтикалық білім беруді дамыту тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасының 2012-2016 жылдарға Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын дамыту тұжырымдамасын іске асыру мақсатында білім беру қызметтерін ұсынады.

Біліктілігін арттыру

Біліктілігін арттыру түріндегі медициналық дипломнан кейінгі білім беру – бұл игерілген мамандық бойынша теориялық және практикалық білімді жаңарту. Медициналық дипломнан кейінгі білім беру осы деңгейде қайта даярлау мен біліктілігін арттыру циклдары түрінде өтеді және келесі құжаттармен расталады:

  • біліктілігін арттыру туралы куәлік – 54 сағаттан 216 сағатқа дейінгі көлемде оқудан өткен дәрігерлер үшін;
  • қайта даярлау туралы куәлік — терапевтік бейін 864 сағаттан аса және хирургиялық бейін 1080 сағаттан аса көлемде ұзақ мерзімді оқудан өткен тыңдаушылар үшін.

Мамандарды кәсіптік қайта даярлау медициналық дипломнан кейінгі білім берудің бір түрі болып табылады және нақты кәсіптерге қойылатын белгіленген біліктілік талаптар негізінде жүргізіледі.

Оқыту келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі:

Қайта даярлау Сағаттар/апталар Біліктілігін арттыру Сағаттар/апталар
1 Анестезиология және реаниматология 1080 /20 Реанимация және шұғыл жағдайлардың интенсивті терапиясы, Анестезиология мен реаниматологиядағы инновациялық технологиялар 54/1, 108/2, 162/3,216/4
2 Сәулелік диагностика (рентгенология, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика) 864 /16 Рентгенологияның, компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияның өзекті мәселелері, Сәулелік диагностикадағы инновациялық технологиялар, Ультрадыбыстық диагностиканың өзекті мәселелері 54/1, 108/2, 162/3,216/4
3 Функционалдық диагностика (эндоскопия) 864 /16 Функционалдық диагностикадағы инновациялық технологиялар, Кардиологиядағы функционалдық диагностика, Клиникалық ЭХО кардиография, Холтеровский мониторингілеу, Эндоскопиядағы өзекті проблемалар, HAIFU-терапия 54/1, 108/2, 162/3,216/4
4 Жалпы хирургия (торакальды, абдоминальды, трансплантология) 1080 /20 Инновациялық технологиялар және хирургиялық ауруларды емдеу, Малоинвазивті хирургия, Торакальды хирургияның өзекті мәселелері, Трансплантология 54/1, 108/2, 162/3,216/4
5 Кардиохирургия 1080 /20 Кардиохирургиядағы инновациялық технологиялар, Интервенциялық кардиохирургия 54/1, 108/2, 162/3,216/4
6

Нефрология

Ревматология

Эндокринология

Гастроэнтерология

Гематология

Пульмонология

Экстракорпоральная детоксикация

864 /16 Ішкі аурулар терапиясындағы инновациялық технологиялар, Амбулаторлық және стационарлық кезеңдерде ревматологиядағы, пульмонологиядағы, гастроэнтерологиядағы, нефрологиядағы, гематологиядағы терапияның өзекті мәселелері, Гемодиализдің және экстракорпоральды детоксикацияның өзекті мәселелері 54/1, 108/2, 162/3,216/4
7 Патологиялық анатомия 864 /16 Паталогиялық анатомиядағы инновациялық технологиялар, Цитологияның өзекті проблемалары, Қатерлі өспе ісік және ісік алды процестерді цитологиялық және гистологиялық диагностикалау, Электрондық микроскопия 54/1, 108/2, 162/3,216/4
8

Гигиена және эпидемиология

(бактериология)

864 /16 Жалпы, жеке меншік және клиникалық микробиологияның өзекті мәселелері, Бактериологиядағы инновациялық технологиялар 54/1, 108/2, 162/3,216/4
9 Кардиология (оның ішінде интервенциялық) 864 /16 Кардиологияның өзекті мәселелері, Аритмологиядағы инновациялық технологиялар, Кардиологиядағы шұғыл жағдайлар, АКС-пен ауыратын ауруларды жүргізу стратегиясы 54/1, 108/2, 162/3,216/4
10 Клиникалық зертханалық диагностика 864 /16

Клиникалық зертханалық диагностикадағы инновациялық технологиялар, Зерттеудің зертханалық әдістерін

түсіндіру

54/1, 108/2, 162/3,216/4
11 Денсаулық сақтау менеджменті ҚР ДСМ-нің аккредиттеу стандарттары және халықаралық стандарттардың талаптары негізіндегі ішкі аудит, Денсаулық сақтаудағы интегрирленген менеджмент жүйесі 54/1, 108/2

005 бюджеттік бағдарламасы — «Денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдарында кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру» (тегін)

БМСК-нің қызметкерлеріне арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша инфекциялық, туберкулезге қарсы, психиятриялық, наркологиялық, онкологиялық стационарлар, шипажайлар, Қан орталықтары, обаға қарсы, дезинфекциялық станциялар, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары, сот медицинасы орталықтары және оның филиалдары, медициналық статистика бюросы, республикалық ақпараттық орталығы және оның филиалдары, балалар үйлері – республикалық бюджет есебінен төленеді. Келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  • жеке куәлік (көшірме);
  • жұмыс орнынан берілген анықтама және кадр бөлімінің бұйрығынан үзінді көшірме;
  • оқытуға жіберу туралы жолдама (бюджетті циклдар үшін);
  • ЖОО-ны тамамадау туралы дипломның көшірмесі;
  • интернатураны тамамдау туралы куәліктің көшірмесі;
  • соңғы 5 жылда біліктілігін арттырудан өту туралы құжат/көшірме/;
  • маманның сертификаты (көшірме)

Профессорлықоқытушылар құрамы

Мамандық Оқытушы
1 Анестезиология және реаниматология Смаилов Мұрат Болатұлы, медицина ғылымдарының кандидаты
Кушенова Сауле Жолдасбекқызы, медицина ғылымдарының кандидаты
2 Сәулелік диагностика Чувакова Эльмира Кенесқызы, медицина ғылымдарының кандидаты
3 Функционалдық диагностика (интервенциялық рентгенхирургия) Иманкулов Сүйіндык Бопежанұлы, медицина ғылымдарының докторы
4 Жалпы хирургия (торакальды, абдоминальды, трансплантология) ДоскалиевЖақсылыкАкмұрзаұлы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик
Ташев Ибрагим Ақжолұлы, медицина ғылымдарының докторы, профессор
Колос Анатолий Иванович, медицина ғылымдарының докторы, профессор
5 Кардиохирургия Альбазаров Әділжан Бауржанұлы, медицина ғылымдарының кандидаты
Марасулов Шухрат Искендірұлы, медицина ғылымдарының кандидаты
6 Нефрология Туғанбекова Салтанат Кинесқызы, медицина ғылымдарының докторы
Ревматология Криворучко Наталья Алексеевна, жоғары санатты дәрігер
Инфекционные болезни Жылқыбаев Егінбай Жылқыбайұлы, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент
Эндокринология Таубалдиева Жанат Сатыбайқызы, медицина ғылымдарының кандидаты
Гастроэнтерология Рахметова Венера Саметқызы, медицина ғылымдарының докторы
Пульмонология Пак Алексей Михайлович, медицина ғылымдарының кандидаты
Экстракорпоральды детоксикация Гаипов Абдужаппар Эркинұлы, медицина ғылымдарының кандидаты
7 Патологиялық анатомия

Шаймарданова Ғалия Мұсұғұтқызы, медицина ғылымдарының докторы

Федотовских Галина Васильевна, медицина ғылымдарының докторы, профессор

8 Гигиена және эпидемиология (бактериология) Бисенова Нелля Михайловна, биология ғылымдарының докторы, профессор
9 Кардиология

Абсеитова Сауле Раимбекқызы, медицина ғылымдарының докторы

Кабаев Ұлан Теміржанұлы, медицина ғылымдарының докторы

Купенов Болат Габбасұлы, медицина ғылымдарының кандидаты

10 Клиникалық зертханалық диагностика Попова Надежда Владимировна, медицина ғылымдарының докторы
11 Денсаулық сақтау менеджменті

Нұразханова Жанат Шүренқызы, медицина ғылымдарының кандидаты, EFQM ассесоры

Раисова Қарлығаш. Әскерқызы, Phd, EFQM ассесоры

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы: Астана қ., Абылай-хан даңғылы 42

8(717)2 57-78-39,  23-29-27 (факс)

Резидентура — клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны.

Резидентураның білім беру бағдарламасы оқытудың клиникалық бағыттылығын және тиісті мамандық бойынша тереңдетілген мамандандырылған даярлықты қамтиды.  Резидентураның білім беру бағдарламасын игеруге ниетті тұлғалардың білімінің алдыңғы деңгейі – базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатураның болуы. ҚР ДСМ-нің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілген Резидентураның клиникалық мамандықтары тізіміне және МЖМБС-2009, Резидентураға сәйкес «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-да мамандарды даярлау 7 клиникалық мамандық бойынша жүргізіледі.

Азаматтарды резидентураға қабылдау тәртібі Резидентураға қабылдаудың үлгілік ережелеріне сәйкес орнатылады. Резидентураның білім беру бағдарламасын игеру ұзақтығы мамандыққа және алдыңғы дайындығына байланысты 2 жылдан 4 жылға дейінгі аралықты құрайды.

10.01.2011 жылғы №0137483 жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру мемлекеттік лицензиясына сәйкес «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ 2016-2017 оқу жылына ақылы (шарттық) негізде келесі мамандықтар бойынша қабылдауды хабарлайды:

6R112600 Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар – 3 жыл

6R110300 Кардиология, оның ішінде балалар – 3 жыл

6R110100 Терапия – 2 жыл

6R112800 Кардиохирургия, оның ішінде балалар – 4 жыл

6R112700 Жалпы хирургия – 3 жыл

6R113600 Урология және андрология, оның ішінде балалар – 3 жыл

6R111500 Невропатология, оның ішінде балалар – 2 жыл

Сондай-ақ 2016-2017 оқу жылына резидентураға келесі мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдайды:

6R112600 Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар – 3 жыл

6R110300 Кардиология, оның ішінде балалар – 3 жыл

Резидентураға түсетін азаматтар келесі құжаттарды тапсырады:

1) Орнатылған үлгі бойынша ұйым басшысының атына өтініш ;

2) Дипломның нотариалды расталған көшірмесі және дипломға қосымша;

3) интернатурадан өту туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;

4) кадр есебі бойынша суретпен қоса жеке парағы;

5) Еңбек кітапшасының нотариалды расталған көшірмесі (бар болған жағдайда);

6) 3х4 көлеміндегі алты сурет;

7) 086-У нысанындағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

8) жеке куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;

9) Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда);

10) Ұйым басшысының қолы қойылатын мінездеме;

11) Өмірбаян (қолдан жазылуы керек);

12) Әскери билеттің немесе тіркелу куәлігінің нотариалды расталған көшірмесі (жігіттер үшін);

13) Файл папкасы (1дана). Осы пунктте көрсетілген құжаттардың көшірмесімен қоса салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылады. Салыстырудан кейін түпнұсқалары қайтарылады.

ЖОО-ның магистратурасына, докторантурасына, әскери оқу орындарының адъюнктурасына, ЖОО-ның және ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау 10-30 шілде аралығында жүргізіледі.

  • Жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың резидентурасына азаматтарды қабылдау конкурстық негізде қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
  • Резидентурағы түсушілер шет тілінің бірінен және арнайы пән бойынша ЖОО-ның түлектеріне арналған белгіленген бағдарламаның көлемінде тест нысанында өткізіледі, арнайы пән бойынша емтихан жоғары білім бағдарламаларының көлемінде ауызша нысанда жүргізіледі.
  • Резидентураға қабылдау емтихандары 1 тамыздан бастап 20 тамызға дейінгі аралықта өткізіледі, оқуға қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.
  • Резидентурада оқыту күндізгі нысан бойынша жүзеге асырылады.
  • Резидентурадағы оқу мерзімі дәрігердің еңбек өтіліне және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледі.
  • Сабақ 1 қыркүйектен басталады. Құжаттарды мына мекенжай бойынша қабылдайды :

050004, Астана қ., Абылай-хан даңғылы 42, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ — Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы, тел.: + 7172577839

ҰҒМО-ның түзету әрекеттерінің жоспары қазақ тілінде.

ҰҒМО-ның түзету әрекеттерінің жоспары орыс тілінде.

 Резидент-түлектің практикалық дағдыларының тізімі

Анестезиологияның үлгілік оқу жоспары

Кардиологияның үлгілік оқу жоспары

Кардиохирургияның үлгілік оқу жоспары

Резиденттің Этикалық Кодексі

Анықтама-жол көрсеткіш 2015 жыл.

1-ші курстың кестесі

2-ші курстың кестесі

3-ші курстың кестесі

4-ші курстың кестесі

Резидентураға түсушілерге арналған

http://nnmc.kz/wp-content/uploads/2016/11/11.Katalog-elektivnyh-distsiplin.docx