Аритмолог — бұл кардиолог-дәрігер, ол жүрек ырғағының бұзылуын (аритмия) диагностикалау мен емдеумен, алдын алумен айналысады. Біздің Орталықта белсенді ғылыми және практикалық қызмет жүргізетін жоғары білікті аритмологтар қызмет етеді.
Аритмологқа қандай белгілермен барады
- артық немесе керісінше жіберіп алған жүрек қысқарулары;
- тым жылдам немесе тым баяу жүрек соғысы;
- әлсіздікті, жылдам шаршауды, ентігуді сезіну – аритмологқа тез арада бару керек;
- әлсіздік пен шаршауда, жоғары ашуланшақтық, терінің бозаруынан байқалады
- жүрек тұсындағы сыздаулар
- температураның өзгеруіне шалдыққыштың артуы
Бізде аритмологтың мынадай қызметтерін аласыздар:
- дәрігердің консультациясы;
- кардиограмма түсіру;
- тәуліктік ЭКГ-мониторинг
- эхокардиограмма
Аритмологқа қабылдау қалай жүргізіледі
Аритмологқа қабылдау:
- анамнезді жинауды;
- тексеруді;
- зерттеу нәтижелерін зерделеуді;
- диагноз қоюды;
- емдеудің жеке бағдарламасын әзірлеуді қамтиды.
Сіз қойылған диагноз және белгіленген емдеу бойынша толық түсіндіру аласыз. Тексеру нәтижелері бойынша маман қосымша зерттеулер өткізуді белгілеуі мүмкін. Сондай-ақ дәрігер тамақтануды қалыпқа келтіруге және өмір сүру салтын өзгертуге қатысты ұсыныстар береді және жеке емдеу диетасын таңдап береді (егер оған қажеттілік болса).
Аритмолог қандай ауруларды емдейді
- гипертонияны
- қос жармалы қақпақшаның түсіп кетуін
- жүрек жеткіліксіздігін
- ишемияны.
Аритмологқа қабылдауға қалай жазылуға болады
Аритмологқа қабылдауға сайттағы онлайн-нысан арқылы немесе +7 7172 57 74 40, +7 (702) 094 77 71 телефондарға хабарласу арқылы жазылуға болады