«Бір белдеу – бір жол» халықаралық медициналық бағдарламасы аясында Ұлттық ғылыми медициналық орталық пен «ҮМІТ» халықаралық томотерапия орталығының өкілдері Қытайдың онкология және маммология саласындағы жетекші мамандарынан құралған делегациямен кездесті. Кездесу барысында тараптар сүт безі обырын ерте диагностикалау, емдеудің заманауи әдістерін қолдану, мультидисциплинарлық тәсілді (MDT) енгізу мәселелерін талқылап, онкологиялық көмек көрсету саласында кәсіби тәжірибе алмасты.
Бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, заманауи медициналық технологияларды дамыту және Қазақстан мен Қытай мамандары арасындағы кәсіби тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Халықаралық ынтымақтастық ғылыми-клиникалық серіктестікті нығайтуға, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу әдістерін жетілдіруге, сондай-ақ пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
ҰҒМО мен «ҮМІТ» халықаралық томотерапия орталығы Қытаймен медициналық ынтымақтастықты кеңейтуде
«Бір белдеу – бір жол» халықаралық медициналық бағдарламасы аясында Ұлттық ғылыми медициналық орталық пен «ҮМІТ» халықаралық томотерапия орталығының өкілдері Қытайдың онкология және маммология саласындағы жетекші мамандарынан құралған делегациямен кездесті.