Гинеколог – әйелдің жыныс ағзалары ауруларын диагностикалаумен, емдеу мен профилактикалаумен айналысатын дәрігер. Оның міндеті: әйелдің репродуктивті жүйесінің қалыпты қызмет етуін сақтау және қалпына келтіру.
Гинекологиялық аурулар зұлым. Олар жиірек ешбір белгісіз жылжиды, бірақ әйелдің денсаулығындағы күрделі проблемалардың себебі және оның ана болу мүмкіндігініне кедергі болуы мүмкін.
Орталықта уақтылы диагностика жүргізеді және әртүрлі гинекологиялық ауруларды табысты емдейді.
Гинекологқа қандай белгілермен жүгіну қажет
Гинекологка баруды кейінге қалдыруға болмайды, егер:
- Қыз 15 жасқа келсе, ал етеккірі әлі күнге дейін басталмаса.
- Сізді қышу, күйдіру, жағымсыз иісті бөлінетін заттар, іштңң төменгі жағындағы ауыру.
- Етеккір қатты ауыру синдромымен сүйемелденеді. Оның ұзақтығы 7 күннен асады. Етеккір көп немесе, керісінше, мардымсыз келсе.
- Сіз етеккір сипатының өзгеруін және ұзақтығын байқасаңыз. Цикл бұзылса.
- Етеккір аралығындағы кезеңде қанды бөлінетін заттарды байқасаңыз.
- Жыныстық қатынас кезінде ауыруды немесе өзге де жағымсыз сезінулер болса.
- Жүйелі жыныстық қатынас кезінде етеккір келмесе.
- Несеп шығару кезінде күйдіру сезілсе.
- Сыртқы жыныс ағзалары аймағында жауырлар, кедір-бұдырлық, қандай да бір жаңа өскін, ауырсындырмайтын немесе жағымсыз сезінулермен сүйемелдену байқалса.
- Қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін.
- Контрацепция құралдарын сауатты іріктеу үшін.
- климакстың бірінші белгілері және вегето-тамырларының байқалу кезінде.
Егер, сіз өзіңізде жоғарыда көрсетілген белгілердің біреуін немесе бірнешесін байқасаңыз, Орталықтың дәрігерлері гинекологқа қаралуды кейінге қалдырмауды ұсынады. Асқынған кезеңдегі кейбір ісіп қызару аурулары жедел көмекті талап етеді. Уақтылы емделуі басталған кез келген сырқат емделуге жатады.
Гинеколог қандай ауруларды емдейді
- Сальпингитті (жатыр түтігіндегі ісіп қызару процессі).
- Эндометритті (жатырдың ішкі қабатының зақымдануы).
- Жатыр мойнының әртүрлі ауруларын (эрозия, полиптардың болуы).
- Эндометриозды.
- Аналық жыныс безінің сарысулы ісігін.
- Жатыр миомасын.
- Гинекологиялық жарақатты. Әйелдің жыныстық ағзаларының жарақатын шақырған ауруларды профилактикалауды және емдеуді жүргізеді.
Гинекологқа қабылдау
- Қабылдауда гинеколог-дәрігер сізді мазалап жүрген белгілерді анықтайды. Ол сізді тыңдайды, қосымша сұрақтар қояды, аурудың белгілерін қарайды. Етеккір циклы (арнайы күнтізбені жүргізуге көмектеседі), жыныстық қатынас, бөлінетін сұйық заттардың сипаты, аурулар мен өзге де патологиялық жағдай туралы айтуға дайын болыңыз.
- Қабылдау кезінде дәрігер гинекологиялық тексеру жүргізеді. Ол сыртқы жыныстық ағзаларды қарайды, қынап пен жатырдың жағдайын гинекологиялық айналар арқылы бағалайды, өсінділердің, жатырдың және қоршаған органдардың жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін бимануалды зерттеулер жүргізеді.
- Гинеколог-дәрігер жағынды алуы мүмкін: гинекологиялық (оны «қынаптың тазалығына жағынды» деп атайды), инфекцияға, ПАП-жағындыға (қатерлі ісік алдындағы жағдайды айқындау үшін) талдау жасау.
- Егер қажет болса, сізді талдауға жолдайды. Осыдан кейін ол диагноз қояды және емдеудің оңтайлы әдістерін таңдайды.
- Гинекологқа ешқандай шағымдар болмаса да, жылына кемінде екі рет қаралу ұсынылады. Инфекциялық және қатерлі ісікті аурулардың әр түрлері байқалмайтын белгілермен өтеді, дегенмен салдары өте күрделі болуы мүмкін.
Орталықтың мамандарынан кеңестер:
Гинекологтың қабылдауында болу кейбір ережелерді сақтауды талап етеді. Гинекологқа етеккір циклының екінші кезеңінде қабылдауға жазылған дұрыс (соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап 20 күннен кейін).
Маманға қаралатын болжамды күнге дейін 1-2 күн бұрын интим спрейлері мен гельдерінен бас тартыңыз, бүркіп жууды жүргізу керек емес. Дәрігерге қабылдауға алдыңғы зерттеу нәтижелерін (талдаулар, УДЗ нәтижелері және т.б.) алып барыңыз, бұл дұрыс диагноз қоюға тезірек көмектеседі.
Гинеколог келесі тексерулерді белгілеуі мүмкін:
- Инфекциялық аурулардың болуына талдауды.
- Бактерияларға/вирустарға антиденелердің болуын анықтауға көмектесетін зерттеулерді.
- Қанға/несепке жалпы талдау, қанды биохимиялық талдауды.
- Эндокринді жүйенің жұмысы туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік беретін талдауларды.
- Гормональды және генетикалық зерттеулерді.
- Иммунологиялық зерттеулерді.
Гинекологтың қабылдауына жазылу
Гинекологқа сайттағы онлайн-нысан немесе біздің байланыс телефонымыз +7 7172 57 74 40, +7 702 094 77 71 арқылы жазылуға болады