“Ұлттық ғылыми медициналық орталық” АҚ коронарлық тамырларды емдеудің жаңа әдісін – интраваскулярлық литотрипсияны енгізді


 2025 жылдың 11 наурызы күні Ұлттық ғылыми медицина орталығында интервенционды кардиология бөлімінің дәрігерлерімен Galamat Group және Sonosemi Medical Co., LTD (Қытай) инженерлерінің қатысуымен шеберлік сабағы өтті. Онда жаңа технология іс жүзінде қолданылды.


Бұл процедура LiqMagic C баллондық катетері арқылы жүзеге асады. Бұл әдіс жүрек тамырларындағы қатты кальций шөгінділерін қауіпсіз бұзып, стенттеуді тиімдірек етеді. Арнайы баллондық катетер арқылы төмен жиілікті электрлік импульс беріледі. Бұл импульс кальций шөгінділерін бұзып, тамырлардың икемділігін қалпына келтіреді, стенттеуді жеңілдетеді және асқыну қаупін азайтады.


Ішкі тамырлық литотрипсия (IVL – Intravascular Lithotripsy) дегеніміз не?


 Бұл кальциймен қатпарланған тамыр тарылуын емдеудің инновациялық әдісі. Ультрадыбыстық соққы толқындары арқылы тамыр қабырғасындағы кальций жойылады, нәтижесінде қан айналымы қалпына келеді.


Процедура қалай өтеді?

 1. Катетер-баллон зақымданған тамырға енгізіледі.

 2.Ультрадыбыстық толқындар артерия қабырғасындағы кальцийді ұсақтайды.


3. Баллон кеңейтіліп, қан айналымын қалпына келтіреді.

4. Қажет болған жағдайда, кальций бұзылғаннан кейін, стент орнатылады.


Әдістің артықшылықтары:


✔ Тамырларға зақым келтіру қаупі төмен✔

 Егде жастағы пациенттердің осал тамырлары үшін қауіпсіз✔

Тіпті күрделі атеросклеротикалық тарылуларды да тиімді емдейді.

Бұл коронарлық және шеткергі артериялардың күрделі атеросклеротикалық зақымдануларын емдеуге арналған аз инвазивті (АКШ-қа қарағанда жұмсақ) әдіс.


Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-20:00
Сенбі: 08:00-13:00
Жексенбі-Демалыс күні
Понедельник-Пятница: 08:00-20:00
Суббота: 08:00-13:00
Воскресенье-выходной день

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам