Нейрохирургия бөлімі

         

«Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ-ның нейрохирургия бөлімшесінде 15 жатын орын бар. Біздің бөлімшеде Орталық жүйке жүйесінің ісіктеріне, тамырлық ақауларына, жұлын және омыртқа сүйегінің патологиялық өзгерістеріне жоғары дәрежелі заманауи нейрохирургиялық аппараттарды қолдану арқылы халық аралық дәрежедегі күрделі нейрохирургиялық операциялар жасалуда. Бөлімше жоғары сапалы емдеу мен диагностикалық тексеру қызметін көрсете алады. Емделушілердің қауіпсіздігін арттыру және операциядан кейінгі асқыну салдарынан сақтану мақсатында Ұлттық ғылыми медициналық орталығы көптеген заманауи нейрохирургиялық аппараттармен жабдықтанған, мысалы айта кетсек: Жоғары дәрежеде тұнық көретін микроскоп, Интраоперацииялық нейромониторинг, Нейронавигациялық система, Рентген операциялық биплан, Транскраниальді допплер, Магнитті резонастты томография, Жедел компьютерлік томография т.б.

Нейрохирургия бөлімшесі келесі диагноздар бойынша науқастарды қабылдайды және халық аралық дәрежедегі сапалы операциялық емдеу жүргізеді:

  • Бас ми тамырларының анверизмасы
  • Бас миы тамырлары мен жұлын миы тамырларының тамырлы мальформациялары: Басмиының артериовенозды мальформациясы (АВМ), жұлын миынының артериовенозды мальформациясы, басмиының және жұлын миының артериовенозды фистулалары.
  • Бас миы тамырлары және мойын тамырларының бітелуі мен стенозы
  • Бас миының ісіктері
  • Жұлын ісіктері
  • Бас миының және жұлын миының кавернозды мальформациясы
  • Аномалия Арнольда-Киари
  • Жұлынның сирингомиелық кистасы
  • Үштік нертің невралгиясы
  • Гемифациальді спазм
  • Тіл жұтқыншақ нервінің невралгиясы
  • Симптомды эпилепсиялы науқастарды операцияға дайындау
  • Бас миының абсцессі
  • Бас миының кисталары
  • Бас миының Эхинококкты және Альевококкты кистасы
  • Созылмалы субдуральды гематома
  • Тиннитус (Құлақта шудың болуы)
  • Бассүйек краниоэктомиясынан кейінгі бассүйек дефектісі
  • Омыртқа аралық диск жарығы
  • Омыртқа тұрақсыздығы
  • Спондилолистез (омыртқаның сырғуы)

Сонымен қатар орталықта келесідей нейрохирургиялық операциялар жасалады: 

  • Басмиы тамырлары аневризмасын клипспен жабу
  • Басмиы тамырлары аневризмасын эндоваскулярлы жолмен жабу
  • Басмиының артериовенозды мальформациясын эндоваскулярлы жолмен жабу
  • Микрохирургиялық жолмен басмиының артериовенозды мальформациясын алу
  • Микрохирургиялық жолмен жұлынның артериовенозды мальформациясын алу
  • Микрохирургиялық жолмен басмиының ісігін алу
  • Микрохирургиялық жолмен жұлын миының ісігін алу
  • Микрохирургиялық жолмен басмиының және жұлын миының кавернозды мальформациясын алу
  • Басмиы және мойын тамырларының тарылуын эндоваскулярлы жолмен стенттеу
  • Үштік нервтің микроваскулярлы декомпрессиясы
  • Бетнервісінің микроваскулярлы декомпрессиясы
  • Тіл-жұтқыншақ нервінің декомпрессиясы
  • Эпилепсиялық аймақтың хирургиялық емі
  • ЭИКМА экстра-интракраниальды микроанастомоз
  • Ішкі ұйқы артериясының эндартерэктомиясы
  • Вентрикулоперитонеальнді шунт қою
  • Вентрикулоперитонеальнді шунтты ұзарту
  • Бассүйек декомпрессиясы
  • Сирингомиелитикалық кистаны дренаж операциясы
  • Микрохирургиялық жолмен омыртқаралық дискі жарығын алу
  • Бассүйек дефектісін пластикалау операциясы
  • Созылмалы субдуральді гематоманы дренаждау
  • Микрохирургиялық жолмен басмиының эхинококкты кистасын алу
whatsapp

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам