Қабылдау Бөлімі

Қабылдау бөлімі бірінші қабатта орналасқан, А блогында жоспарлы госпитализация жеке кіреберіспен, жоспарлы және шұғыл госпитализация ағындары жанаспайды.

Қабылдау бөлімшесінде кестеге сәйкес сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жоспарлы тәртіппен және ақылы негізде (не сақтандыру полисі бойынша шарттық негізде) түсетін пациенттерді қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Пациенттерді емдеуге жатқызу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР - ДСМ-27 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-258/2020 "мамандандырылған медициналық көмек көрсетілетін аурулардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес МӘМС және ТМККК шеңберінде ЖМК және ЖІӨ көрсетуге, алғашқы медициналық – санитариялық көмек (бұдан әрі-МСАК) немесе денсаулық сақтау ұйымы мамандарының жолдамасы бойынша жоспарлы емдеуге жатқызу стационарлық жағдайда көмек жоспарлы түрде көрсетіледі"

Төсек профильдері бойынша ауруханаға жатқызу:

  • ересектерге арналған кардиологиялық
  • ересектерге арналған кардиохирургиялық
  • ересектерге арналған хирургиялық
  • ересектерге арналған кеуде хирургиясы
  • ересектерге арналған нейрохирургиялық
  • ересектерге арналған урологиялық
  • ересектерге арналған гинекологиялық
  • терапевтік
  • ересектерге арналған неврологиялық
  • балаларға арналған кардиологиялық
  • балаларға арналған кардиохирургиялық

2) ақылы негізде (сақтандыру полисімен жасалған шарт бойынша) емдеуге жатқызу құрылымдық бөлімше басшысымен алдын ала күндізгі консультация бойынша не "ҰҒМО"АҚ амбулаториялық-консультативтік орталығы мамандарының консультациясынан кейін жүзеге асырылады. Емдеуге жатқызу процесі "Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтер көрсету жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.


Қабылдау бөлімінің телефоны +7 (7172) 574-361

Портал телефоны +7 (7172) 577-619



Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-20:00
Сенбі: 08:00-13:00
Жексенбі-Демалыс күні
Понедельник-Пятница: 08:00-20:00
Суббота: 08:00-13:00
Воскресенье-выходной день

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам