Біліктілікті арттыру

Жоғары оқу орнынан кейінгі және бейресми медициналық білім беру бөлімі қосымша медициналық білім бойынша білім беру қызметтерін жүзеге асырады.

 Бөлімнің негізгі міндеті денсаулық сақтау мамандарына қосымша медициналық білім беру, үнемі жетілдіру және оларға қойылатын талаптарды арттыру; кәсіби білімін, дағдыларын тереңдету; еңбек нарығының құрылымы өзгерісіне байланысты қосымша артықшылықтар алу арқылы кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту.

Сертификаттау курсы –басқа медициналық немесе фармацевтикалық мамандықты игеруге мүмкіндік беретін қосымша білім берудің бір түрі. Оқытуды жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы жүргізеді. Әрбір цикл аяқталғаннан кейін мемлекеттік үлгідегі куәлік  беріледі.

Кадрлардың біліктілігін арттыру - бұрын алған кәсіби білімдерін, дағдылары мен қабілеттерін сақтауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін қосымша белім берудің бір түрі. Оқытуды жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы жүргізеді. Әрбір цикл аяқталғаннан кейін мемлекеттік үлгідегі куәлік  беріледі.

Оқытуды «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-ның мамандандырылған клиникалық бөлімдерінің шеңберінде жоғары білікті клиникалық және ғылыми қызметкерлері жүргізеді.

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-ның жоғары оқу орнынан кейінгі және бейресми медициналық  білім беру бөлімі денсаулық сақтау саласындағы біліктілікті арттыру сертификаттары мен сертификаттау курстарын беру мемлекеттік қызмет болып табылатынын және «ҚР электрондық лицензиялау» https://elicense.kz мемлекеттік порталы арқылы жүзеге асырылатынын хабарлайды.

2025-2026 оқу жылына ақылы білім беру қызметтері бойынша ЖЫЛДЫҚ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

 

Мамандық

Циклдің атауы

сағаттар/

кредиттер

Өткізу күні

1

 

Кардиология

(ересектердің, балалардың)

 «Кардиологиядағы, соның ішінде балалар кардиологиясындағы өзекті мәселелер»;

120/4


Жыл ішінде өтінім бойынша

2

 

Гастроэнтерология

(ересектердің, балалардың)


«Гастроэнтерологиядағы өзекті мәселелер»;


«Гастроэнтерология мен гепатологиядағы аспаптық және зертханалық диагностикалық әдістер»;

120/4


60/2

Жыл ішінде өтінім бойынша

3

 

Эндокринология (ересектердің, балалардың)

 Эндокринологиядағы өзекті мәселелер;


120/4

Жыл ішінде өтінім бойынша

4

 

Нефрология 

(ересектердің, балалардың)


"Нефрологиядағы инновациялық технологиялар";


120/4


Жыл ішінде өтінім бойынша

5

 

Пульмонология

(ересектердің, балалардың)

Пульмонологиядағы тыныс алуды қолдау;

Обструктивті ұйқы апноэ синдромы және ұйқыға тәуелді тыныс алудың басқа да бұзылыстары;

60/2


60/2

Жыл ішінде өтінім бойынша

6

Сәулелік диагностика

Рентгенографиядағы, компьютерлік томографиядағы және магнитті-резонанстық бейнелеудегі өзекті мәселелер;

120/4

Жыл ішінде өтінім бойынша

7

Функционалдық диагностика

 Кардиологиядағы функционалды диагностика;

Клиникалық эхокардиографиядағы,

Холтерлік мониторингтегі өзекті мәселелер;

120/4



120/4

60/2

Жыл ішінде өтінім бойынша

8

Клиникалық зертханалық диагностика

Клиникалық зертханалық диагностикадағы өзекті мәселелер;


120/4

Жыл ішінде өтінім бойынша

9

Анестезиология және реаниматология (ересектердің, балалардың)

Анестезиология мен реаниматологиядағы өзекті мәселелер;

120/4


Жыл ішінде өтінім бойынша

10

Жалпы хирургия

Қатерлі ісіктерді емдеудің заманауи технологиялары;


Хирургиядағы өзекті мәселелер;

120/4


120/4

Жыл ішінде өтінім бойынша

11

Кардиохирургия

(ересектердің, балалардың)

 «Жүрек қақпақшалары хирургиясы»;

«Шағын ивазивті кардиохирургия»

120/4

120/4

Жыл ішінде өтінім бойынша

12

Нейрохирургия 

(ересектердің, балалардың)

«Нейрохирургияның өзекті мәселелері»;

120/4

Жыл ішінде өтінім бойынша

13

Урология және андрология

(ересектердің, балалардың)

«Урологиядағы эндобейнехируругия»;

120/4

Жыл ішінде өтінім бойынша

14

Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектердің, балалардың)

«Клиникалық патоморфология»;


120/4

Жыл ішінде өтінім бойынша

15

«Гигиена және эпидемиология»

 «Жалпы, жеке және клиникалық микробиологияның өзекті мәселелері»;».

120/4

Жыл ішінде өтінім бойынша

16

Терапия

«Терапияның өзекті мәселелері»;

120/4

Жыл ішінде өтінім бойынша

17

Денсаулық сақтау менеджменті Қоғамдық денсаулық сақтау

 «Стратегиялық менеджмент»;

 «Денсаулық сақтаудағы тәуекел-менеджмент»;

60/2

60/2

Жыл ішінде өтінім бойынша


 

 

18

Мсейірбике ісі

 "Мейірбике ісін ұйымдастырудағы өзекті мәселелер";

"Мейірбикелік істегі басқару және көшбасшылық"


"Мейірбике қызметіндегі сапаны басқару және ішкі аудит.

Мейірбикелік қызмет сапасының көрсеткіштері және мониторингі."



120/4


60/2


60/2

Жыл ішінде өтінім бойынша

Байланыс ақпараты: 

Жоғары оқу орнынан кейінгі және бейресми медициналық білім беру бөлімі орталығының басшысы: Сатаева Гульмира Сабитовна +7 (701) 122-01-89; жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының аға әдіскері Абдыкулова Бакытжамал Сабитовна +7 (701) 625-89-48.

Құжаттарды қабылдау Астана қаласы, Абылай хан даңғылы, 42, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі (201-кабинет) мекенжайы бойынша жүзеге асырылады. Дүйсенбі-жұма 08:00-17:00, үзіліс 13:00-14:00.

Нормативтік-құқықтық актілер:

1. "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 бұйрығы. 

2."Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау, Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданылуын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы"бұйрығы.

4. "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығы.

5. "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және бейресми білім беру қағидаларын, Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және бейресми білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қосымша және бейресми білім беру арқылы алған оқыту нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығы білім".

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-22:00
Сенбі: 08:00-17:00
Жексенбі- Демалыс күні

Понедельник-Пятница: 08:00-22:00
Суббота: 08:00-17:00
Воскресенье- выходной день

Внимание! По вопросам, касающимся стационара (ННМЦ), обращайтесь только по WhatsApp:

Внимание! По вопросам, касающимся заключения договоров обращайтесь по номеру:

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам