Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі

Қызметтің негізгі міндеттері:

  • Ұлттық аккредиттеу стандарттарын, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу және қолдау бойынша құрылымдық бөлімшелерге әдіснамалық басшылықты жүзеге асыру;
  • ҰҒМО-да диагностика мен емдеу сапасын жақсарту жөніндегі бағдарламалардың тиімділігін әзірлеу, енгізу және бағалау;
  • ҚР ДСМ диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына және Ұлттық аккредиттеу стандарттарына сәйкес көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы, медициналық құжаттаманы толтыру сапасы тұрғысынан медициналық құжаттамаға сараптама жүргізу;
  • қызметті талдау нәтижелері бойынша жұмыстағы ақаулардың алдын алуға және жоюға бағытталған және диагностика мен емдеудің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін іс-шараларды әзірлеу;
  • сапасыз көрсетілген медициналық көмекке азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарау бойынша жұмысты үйлестіру;
  • ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің қызметін үйлестіру;
  • өнімділіктің негізгі көрсеткіштерін жинау, өңдеу және талдау;
  • оқиғалар туралы хабарламаларды талдау, түбірлік себептерді анықтау, анықталған сәйкессіздіктер бойынша ұсыныстар мен түзету шараларын ұсыну;
  • Ұлттық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан жүйелі трейсерлер жүргізу;
  • БМЖ құжаттамасын өзектендіру, басқару (менеджменттің интеграцияланған жүйесі);
  • ПВР аналитикалық ақпаратын ұсына отырып, ҰҒМО-ның ішкі аудиттерін (менеджменттің интеграцияланған жүйесі) ұйымдастыру және жүргізу.


Бөлімнің байланыстары :

Тел.+7 (7172) 57-78-32

e-mail: nnmc_oka@mail.ru

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам