El.kz порталында терапия және жасушалық технологиялар бөлімінің жетекшісі Досжан Айнұр Дүкенбайқызының эксклюзивті сұхбаты жарық көрді. Әңгіме барысында ол өзінің кәсіби жолы, гастроэнтерология мен гепатология саласын таңдауы және ғылымның заманауи медицинадағы тәсілдерді қалай өзгертетіні жайлы айтып берді.
Сұхбатта Айнұр Дүкенбайқызы келесі мәселелерді қозғайды:
- Неліктен гастроэнтерология мен гепатология саласын таңдағаны.
- PhD дәрежесінің ғылыми жетістіктеріне қалай ықпал еткені.
- Емдеу әдістеріне инновациялар енгізуге қандай қиындықтар мен міндеттер шабыт беретіні.
Айнұр Дүкенбайқызының жігерлендіретін сөзі:
«Жетістік кілті – бұл үнемі жетілу, жаңа технологияларды қолдану және өз ісіңе адалдық».
Айнұр Дүкенбайқызының кәсіби жолы, маңызды жаңалықтары және медицина болашағы туралы көзқарасы жайлы көбірек білгіңіз келсе, біздің Instagram және YouTube арналарымыздан сұхбаттың толық нұсқасын көріңіз!