Біліктілікті арттыру
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру (бұдан әрі – қосымша білім беру) - кәсіптік білімді, іскерліктер мен дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі.
Сертификаттау курсы - негізгі білім шеңберінде тар мамандану бойынша қосымша кәсіби білімді, іскерлікті және дағдыларды кеңейтуге, тереңдетуге және қалыптастыруға бағытталған қосымша білім беру нысаны. Маманға игерген білім мен дағдылардың тізбесін қамтитын қосымша (транскрипт) бар сертификаттау курсы туралы куәлік беріледі.
Кадрлардың біліктілігін арттыру - бұрын алған кәсіптік білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге, сондай-ақ негізгі мамандық ішінде жаңа (қосымша) құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны. Біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі.
Оқытуды "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" АҚ бейінді клиникалық бөлімшелер базасында жоғары білікті клиникалық және ғылыми кадрлары жүргізеді.
Циклге арналған құжаттар тізбесі:
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- Дипломның көшірмесі (тегі ауыстырылған кезде неке туралы куәлік);
- Интернатурадан өткені туралы куәлік, қайта даярлаудан өткені туралы куәлік (көшірмесі);
- Маман сертификатының көшірмесі;
- Жұмыс орнынан циклге жіберу туралы бұйрық (ұйымның оқу ақысын төлеген кезде);
- Санитарлық кітапша (жұмысқа рұқсат).
Сонымен қатар, Орталықта оқыту келесі семинар-тренингтер мен курстар өткізіледі:
- медицина және медицина емес мамандарына арналған негізгі жедел жәрдем (BLS);
- медицина мамандарына (дәрігерлер анестезиологтар-реаниматологтар, травматологтар, жедел жәрдем дәрігерлері және т.б.) арналған кеңейтілген реанимация (ACLS, ATLS, PhTLS).
Оқытуды еуропалық реанимация кеңесімен (European Resuscitation Council) сертификаттаған нұсқаушылар жүргізеді.
Байланыс ақпараты:
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының басшысы: Сатаева Гульмира Сабитовна +7 (701) 122-01-89; жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының аға әдіскері Абдыкулова Бакытжамал Сабитовна +7 (701) 625-89-48.
Құжаттарды қабылдау Астана қаласы, Абылай хан даңғылы, 42, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі (201-кабинет) мекенжайы бойынша жүзеге асырылады. Дүйсенбі-жұма 08:00-17:00, үзіліс 13:00-14:00.
Нормативтік-құқықтық актілер: