Резидентураға қабылдау
"ҰҒМО" АҚ резидентураның келесі білім беру бағдарламалары бойынша 2025-2026 оқу жылына арналған қабылдау науқанының басталғаны туралы хабарлайды:
- Анестезиология және реаниматология (ересектердің, балалардың) - 3 жыл оқу мерзімі (5 грант: Қостанай облысы - 2, Астана қаласы – 3);
- Кардиохирургия (ересектердің, балалардың) - 4 жыл оқу мерзімі (2 грант: Қостанай облысы – 1, Павлодар облысы – 1);
- Кардиология (ересектердің, балалардың) - 3 жыл оқу мерзімі (4 грант: Астана қаласы - 4);
- Жалпы хирургия - 3 жыл оқу мерзімі (ақылы резидентура);
- Урология және андрология (ересектердің, балалардың) - 3 жыл оқу мерзімі (ақылы резидентура);
- Гастроэнтерология (ересектердің, балалардың) - 2 жыл оқу мерзімі (ақылы резидентура).
Түсуге арналған құжаттар тізбесі
Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 3-25 шілде аралығында жүргізіледі!
Байланыс ақпараты:
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының басшысы: Сатаева Гульмира Сабитовна +7 (701) 122-01-89; жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының аға әдіскері Абдыкулова Бакытжамал Сабитовна +7 (701) 625-89-48.
Құжаттарды қабылдау Астана қаласы, Абылай хан даңғылы, 42, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі (201-кабинет) мекенжайы бойынша жүзеге асырылады. Дүйсенбі-жұма 08:00-17:00, үзіліс 13:00-14:00.
Резидентураға түсуге арналған сұрақтар тізбесі:
«Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың», 2024-2025 оқу жылы
«Урология және андрология ересектердің, балалардың», 2024-2025 оқу жылы
«Кардиология ересектердің, балалардың», 2024-2025 оқу жылы
«Кардиохирургия ересектердің, балалардың», 2024-2025 оқу жылы
«Жалпы хирургия», 2024-2025 оқу жылы
Лицензиялар:
1.Мемлекеттік лицензияға қосымша-Кардиохирургия
2.Институционалдық аккредиттеу куәлігі-қазақша нұсқасы
3.Институционалды аккредиттеу туралы куәлік-орыс нұсқасы
4.Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік лицензиясы