"Ұлттық ғылыми медициналық орталық" АҚ интервенциялық онкорадиолог дәрігер Малаев Нияз Бейсенұлы Египет елінде өткен Pan Arab Society for Interventional Endocrinology and Diabetes Technology ұйымының 2-ші жыл сайынғы халықаралық конференциясында клиникалық тәжірибесімен бөлісті.
Конференция онкология және эндокринология салаларындағы заманауи аз инвазивті емдеу тәсілдеріне арналды.Баяндаманың тақырыбы «Ағза қызметін сақтай отырып, радиожиілікті абляцияны қалай тиімді жүргізуге болады?»
Бұл – қазіргі медицинаның өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын, емдеудің жарақатсыз, органсақтаушы әдістеріне арналған мазмұнды ғылыми баяндама болды.
Нияз Бейсенұлы өз сөзінде Ұлттық ғылыми медициналық орталықта енгізілген тәжірибені негізге ала отырып, қалқанша безінің қатерсіз түйіндеріне ультрадыбыстық бақылаумен жүргізілетін радиожиілікті абляция (РЖА) әдісінің клиникалық тиімділігі туралы мәлімет ұсынды.
РЖА әдісінің артықшылықтары:
🔹 Рәсім кесусіз және жалпы наркозсыз өтеді
🔹 Жергілікті анестезия қолданылады
🔹 Пациент емнен кейін тез қалыпты өміріне оралады
🔹 Қалпына келу кезеңі өте қысқа немесе мүлдем қажет емес
Процедура алдында міндетті түрде ультрадыбыстық зерттеу және
жұқа инелі биопсия жүргізіледі — бұл түйіндердің
қатерсіз екендігін және қабыну үдерістердің болмауын нақтылау үшін қажет.
Неліктен бұл маңызды?
Қалқанша безінің қатерсіз түйіндері — жиі кездесетін патология.
Кейбір жағдайларда түйіндер:
- мойынның сыртқы көрінісін бұзады
- қысым сезімін туындатады
- жұту мен тыныс алуға кедергі келтіреді
- жөтел мен ауырсынуға себеп болады
Бұрын мұндай науқастарға тек хирургиялық араласу ұсынылатын.
Қазіргі таңда радиожиілікті абляция тиімді және аз инвазивті балама ретінде қарастырылады. Әдіс косметикалық тұрғыда сезімтал пациенттер мен
қалқанша безі обырының рецидивтері кезінде де қолданылады.