17 мамырда Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні атап өтіледі. Бұл іс-шараны 2005 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) қолдауымен Дүниежүзілік гипертониямен күрес лигасы ұйымдастырады.
Күннің ұраны: “қан қысымыңызды дәл өлшеңіз, бақылаңыз, ұзақ өмір сүріңіз”. Артериялық гипертония “үнсіз өлтіруші” депте атайды, себебі ол көбінесе симптомсыз көрінеді және маңызды мүшелерді зақымдауы мүмкін.
Күнделікті қан қысымын өлшеу-гипертензияны анықтаудың жалғыз жолы.
ДДҰ классификациясы бойынша қан қысымының көрсеткіштері:
- Гипотония: 100/60 төмен
- Оңтайлы: 100/60-119/79
- Қалыпты: 120/80 – 129/85
- Жоғары: 130/85 – 139/89
- Орташа гипертония: 140/90 - 159/99
- Орташа ауырлықтағы Гипертония: 160/100 - 179/109
- Ауыр гипертония: 180/110 артық
📍Артериялық гипертония туралы фактілерге шолу жасасақ:
- гипертония кезінде инфаркт пен инсульт қауіпі артады.
- қант диабеті, бүйрек аурулары бар адамдарда жиі кездеседі.
- семіздік, ішімдік және темекі шегетін адамдарда гипертонияның даму қаупі жоғары.
- Қан қысымын бақылау әсіресе жас ерекшелігіне байланысты маңызды
Артериялық гипертония мен оның асқыну қаупін азайтуға көмектесетін алдын алу шаралары:
✅Салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану.
✅Тұзды тұтынуды күніне 5 граммға дейін шектеу. Күніне кемінде 500 грамм жаңа піскен жемістер мен көкөністерді жеу.
✅Қаныққан майлар мен көмірсулардың тұтынылуын азайту.
✅Алкоголь мен темекі шегуден бас тарту.
✅Күніне кемінде 30 минут тұрақты физикалық белсенділік.
✅ Қалыпты салмақты сақтау.
✅Стрессті басқару.
📍Есіңізде болсын: бақыланбайтын артериялық гипертензия, әсіресе ұзақ уақыт бойы инсульт, миокард инфарктісі және бүйрек жеткіліксіздігі қаупі жоғары. Өзіңізді және денсаулығыңызды сақтаңыз!
17 МАМЫР – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТОНИЯМЕН ҚАРСЫ КҮРЕСУ КҮНІ
