“ҰҒМО” АҚ жоғары білікті мамандары Маңғыстау облысы, Ақтау қаласына тегін көшпелі консультациялар өткізуді жоспарлап отыр.
📅 2025 жылғы 16, 17 және 18 шілде күндері Ақтау қаласының тұрғындарына жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша тегін дәрігерлік кеңестер жүргізіледі.
Қабылдайтын мамандар:
🔹 Закарина Динара Маратовна – жоғары санатты дәрігер-кардиолог, №2 интервенциялық кардиология бөлімінің меңгерушісі
🔹 Орманбеков Ерлан Эргешович – аритмолог-дәрігер, рентгенхирург
🔹 Нуракаева Сауле Сериковна – функционалдық диагностика дәрігері
📍 Өтетін орны:
Ақтау қаласы, 26 шағынаудан, 57Б блок
(бұрынғы №3 перзентхананың 2-корпусы),
“ARCHIMED” клиникасы
🕘 Қабылдау уақыты:
▪️ 16 –17 шілде – сағат 09:00–17:00 аралығында өтеді
▪️ 18 шілде – сағат 09:00–13:00 аралығында өтеді
❤️ Жүрекке операция немесе коронарография қажет пациенттерді кеңеске шақырамыз.
Кеңес алу үшін өзіңізбен бірге мына құжаттар болуы қажет:
🔸 Кардиохирург қабылдауына:
– ЭКГ (электрокардиограмма)
– ЭХОКГ (жүректің ультрадыбыстық зерттеуінің хаттамасы)
– Коронарография немесе КТ нәтижелері бар диск
🔸 Аритмолог қабылдауына:
– ЭКГ
– Холтер ЭКГ (тәулік бойы жүрек соғысын тіркеу)
– ЭХОКГ хаттамасы
ЭХОКГ зерттеуі медициналық көрсеткіштер бойынша орнында жүргізіледі.
МАҢҒЫСТАУ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! АҚТАУДА ЖҮРЕК АУРУЛАРЫ БОЙЫНША ТЕГІН КЕҢЕСТЕР ӨТЕДІ
