Қалқанша безіндегі түйіндер: Хирургиялық емдеуге балама инновациялық әдіс

Қалқанша безіндегі түйіндер: Хирургиялық емдеуге балама инновациялық әдіс

Қалқанша безінде түйінді түзілістердің болуы – көптеген адамдар үшін физикалық және психологиялық ауыртпалыққа айналған мәселе. Ақтөбе қаласының тұрғыны Бейсенбаева Анар есімді емделушіміз осы мәселемен бірнеше жыл бойы күресіп келді. Тамақ жұтыну қиындығы, тамағында түйін сезімі, дискомфорт пен бас бұрғанда тұншығу сезімі күнделікті өміріне айтарлықтай теріс әсер етті.

Соңғы жылдары түйінді түзілістің өсуін байқағаннан кейін, ол тұрғылықты жері бойынша эндокринологқа қаралды. Цитологиялық зерттеулер нәтижесінде түзілістің қатерсіз екені анықталды. Алайда Анар ханым хирургиялық емдеуден бас тартып, денесінің тұтастығын сақтағысы келетінін мәлімдеді.

Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықта мамандар оған балама емдеу әдістерін ұсынды. Хирургиялық жолмен түзілісті алып тастау немесе консервативті терапиядан басқа, жаңа технология – микротолқынды абляция (РЧА және МВА) әдісі қарастырылды. Бұл әдіс қалқанша бездің тіндері мен функцияларын сақтай отырып, түйінді тиімді емдеуге мүмкіндік береді.

2024 жылдың 24 қаңтарында пайи микротолқынды абляция операциясы жергілікті анестезиямен сәтті жасалды. Операциядан кейін бастапқы 6,3х5,3х3,8 см және көлемі 68 мл болған түйін 10 айдың ішінде 4,3х3х3,3 см-ге дейін кішірейді, ал көлемі 17 мл-ге дейін азайды. Қысым сезімі, тамақ жұтыну қиындығы және косметикалық ақаулар толығымен жойылды.

Диагноз: Нетоксикалық біртүйінді зоб, 2 дәрежесі, эутиреоз күйінде.

Микротолқынды абляция әдісі хирургиялық емдеудің қауіпсіз және тиімді баламасы ретінде өзін көрсетті. Бұл жағдай қалқанша безіндегі түйіндермен күресуде инновациялық шешімдердің қаншалықты маңызды екенін дәлелдеді. Анар ханымның таңдауы оның денсаулығы мен өмір сапасын жақсартуға көмектесіп қана қоймай, осындай жаңа әдістердің мүмкіндіктерін кеңінен насихаттауға негіз болды.

«Денсаулық – адамның ең құнды байлығы. Заманауи медицинаның ұсынған мүмкіндіктерін пайдалану арқылы өз өміріңіздің сапасын арттыруға болады,» – дейді мамандар.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-20:00
Сенбі: 08:00-13:00
Жексенбі-Демалыс күні
Понедельник-Пятница: 08:00-20:00
Суббота: 08:00-13:00
Воскресенье-выходной день

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам