JETSTREAM ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ТӨМЕНГІ АЯҚТАРДЫҢ ИШЕМИЯСЫН ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

JETSTREAM ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ТӨМЕНГІ АЯҚТАРДЫҢ ИШЕМИЯСЫН ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

    

  "Ұлттық ғылыми медициналық орталығы" АҚ Қазақстан медицинасында диагностикалау және емдеудің инновациялық әдістерін енгізу бойынша жетекші мекеме болып табылады.


    12–13 маусым күндері, Медициналық қызметкер күні қарсаңында, орталық базасында «From Plaque to Flow – Jetstream ротациялық атерэктомия концепциясын қолдану арқылы емдеудің заманауи стратегиялары»** тақырыбында шеберлік сабағы өтті.


Төменгі аяқтардың критикалық ишемиясы көбінесе атеросклерозбен және қант диабетімен ауыратын егде жастағы науқастарда кездеседі. Бұл жағдай жүрек-қантамырлық асқынулар мен өлім-жітім қаупін арттырады.


Шеберлік сабақты жүргізгендер:


  • арнайы шақырылған сарапшы Павел Кан (РФ, Сургут қ.)
  • интервенциялық радиолог Малаев Нияз Бейсенұлы
  • ангиохирург Елюбаев Нурлан Қайратұлы


Шеберлік сабағы аясында алты науқасқа операция жасалып, оның екеуінде Jetstream (Boston Scientific) технологиясы қолданылды. Бұл инновациялық құрылғы артериялардың өткізгіштігін қалпына келтіру үшін ротациялық пышақтар мен белсенді аспирация жүйесі арқылы бляшкаларды қауіпсіз алып тастауға мүмкіндік береді.


Іс-шара теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Оған Астана қаласының басқа медициналық мекемелерінің дәрігерлері де қатысты. Қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-20:00
Сенбі: 08:00-13:00
Жексенбі-Демалыс күні
Понедельник-Пятница: 08:00-20:00
Суббота: 08:00-13:00
Воскресенье-выходной день

Внимание! По вопросам, касающимся стационара (ННМЦ), обращайтесь только по WhatsApp:

Внимание! По вопросам, касающимся заключения договоров обращайтесь по номеру:

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам