Астанада өткен жатыр миомасын аз инвазивті емдеу туралы ғылыми-практикалық семинар әлемдік сарапшылардың назарын аударды

Астана қаласында алғаш рет "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" АҚ-да жатырдың қатерсіз түйіндік ісіктерін аз инвазивті емдеудің заманауи мүмкіндіктері туралы ғылыми-практикалық семинар өтті.
Астанада өткен жатыр миомасын аз инвазивті емдеу туралы ғылыми-практикалық семинар әлемдік сарапшылардың назарын аударды

Бұлшықет қабығында орналасқан жатыр миомасы репродуктивті жастағы әйелдердің 70%  кездесетін қатерсіз ісік болып табылады. Ескі зерттеулер бойынша миоманы ісік ретінде қарастырды, бірақ қазіргі зерттеулерге сәйкес бұл ісік тәрізді формация деп санайды. Орташа алғанда, миома 30 жастан асқан әйелдердің 20%-да  және 40 жастан асқан әйелдердің 40% -да кездеседі. Әйелдердің жыныстық гормондарының жоғарылауына байланысты миоманың жасқа байланысты даму қаупі 25 жастан 50 жасқа дейін жетеді.

Ұлттық ғылыми медициналық орталық" АҚ-да аз инвазивті гинекологияны дамытудың келесі қадамы жатыр миомасын радиожиілікті абляциялау әдістемесін енгізу болды. 2024 жылғы 22 мамырда өткен ғылыми-практикалық семинар Қазақстан үшін мүлдем жаңа болып табылатын осы инновациялық әдістемені ұсынды. Жатыр миомасын радиожиілікті абляциялау әдістемесі өзінің тиімділігін дәлелдеді және әлемнің дамыған елдеріндегі гинекологтар арасында танылды. Семинарға гинекологиядағы интервенциялық радиология саласындағы Еуропалық Одақ елдерінің жетекші сарапшысы, сонымен қатар дәрігер Giovanni Turtulici қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам