8 қарашада дәрігер-рентгенологтар кәсіби мерекелерін атап өтті

1895 жылы дәл осы күні неміс физигі Вильгельм Конрад Рентген рентген сәулелерін ашты. Медицина үшін бұл жаңалық көптеген аурулар мен жарақаттарды диагностикалау саласындағы нағыз серпіліске айналды.
8 қарашада дәрігер-рентгенологтар  кәсіби мерекелерін атап өтті

Рентгенолог – жоғары технологиялар мамандардың біліктілігімен және тәжірибесімен өзара байланысты маңызды медициналық мамандық, өйткені емдеудің кез келген түрінің тиімділігі, демек пациенттің денсаулығы мен өмірі сенімді диагнозға байланысты. Ол тек суретке түсіріп қана қоймайды, сонымен қатар оларды оқиды, талдайды және патологиялық өзгерістердің диагнозын немесе түрін қамтитын өз баяндамасын жазады.

«Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ рентгенологтар мен радиациялық диагностика саласындағы барлық мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтайды!

«ҰҒМО» АҚ-да сәулелі диагностика бөлімі халықаралық стандарттарға сай соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған. Рентгенологиялық бөлімшенің жоғары білікті мамандары үлкен тәжірибеге ие және барлық заманауи диагностикалық әдістерді жетік меңгерген. Біздің емханада сіз кешенді тексеруден өтіп, ең толық және сенімді диагностикалық қорытынды ала аласыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-20:00
Сенбі: 08:00-13:00
Жексенбі-Демалыс күні
Понедельник-Пятница: 08:00-20:00
Суббота: 08:00-13:00
Воскресенье-выходной день

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам