Рентгенолог – жоғары технологиялар мамандардың біліктілігімен және тәжірибесімен өзара байланысты маңызды медициналық мамандық, өйткені емдеудің кез келген түрінің тиімділігі, демек пациенттің денсаулығы мен өмірі сенімді диагнозға байланысты. Ол тек суретке түсіріп қана қоймайды, сонымен қатар оларды оқиды, талдайды және патологиялық өзгерістердің диагнозын немесе түрін қамтитын өз баяндамасын жазады.
«Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ рентгенологтар мен радиациялық диагностика саласындағы барлық мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтайды!
«ҰҒМО» АҚ-да сәулелі диагностика бөлімі халықаралық стандарттарға сай соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған. Рентгенологиялық бөлімшенің жоғары білікті мамандары үлкен тәжірибеге ие және барлық заманауи диагностикалық әдістерді жетік меңгерген. Біздің емханада сіз кешенді тексеруден өтіп, ең толық және сенімді диагностикалық қорытынды ала аласыз.