2025 жылғы 3–4 қазан аралығында «Онкологиядағы интервенциялық радиология (рентгенохирургия) технологиялары» тақырыбындағы конференция өтті. Іс-шара Ресей мен ТМД елдерінің түрлі медициналық орталықтарынан келген жетекші сарапшыларды біріктірді.
Конференция барысында қатерлі ісіктердің әртүрлі түрлеріне арналған жергілікті және аймақтық терапияның заманауи мүмкіндіктері бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Жалпы және торакальды хирургия бөлімінің интервенциялық радиологы Малаев Нияз Бейсенұлы 2018–2024 жылдар аралығындағы ҰҒМО тәжірибесіне негізделген бауыр және басқа да ағзалардың, соның ішінде қалқанша бездің онкологиялық ауруларын емдеу туралы баяндама жасап, әріптестерімен кәсіби тәжірибе алмасты.