ҰҒМО №1 ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ КАРДИОЛОГИЯ БӨЛІМІНДЕ ТРАНСКАТЕТЕРЛІК АОРТА ҚАҚПАҚШАСЫН ИМПЛАНТАЦИЯЛАУ (TAVI) БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

ҰҒМО №1 ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ КАРДИОЛОГИЯ БӨЛІМІНДЕ ТРАНСКАТЕТЕРЛІК АОРТА ҚАҚПАҚШАСЫН ИМПЛАНТАЦИЯЛАУ (TAVI) БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

2025 жылдың 29 желтоқсанында Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың №1 интервенциялық кардиология бөлімінде транскатетерлік аорта қақпақшасын имплантациялау (TAVI) бойынша ҰҒКО дәрігерлерінің қатысуымен шеберлік сабағы өтті. Іс-шара интервенциялық кардиология мамандарының кәсіби тәжірибесімен бөлісу және практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.

TAVI (тері арқылы аорта қақпақшасын ауыстыру) - қатар жүретін аурулары бар ересек пациенттерде жиі жасалатын жоғары технологиялық операциялардың бірі. Хирургиялық тәуекелдерді азайту үшін өздігінен кеңейетін эндопротез сан артериясы арқылы минималды инвазивті перкутанды тәсіл арқылы имплантацияланады. Операция жалпы анестезия бойынша жасалады.

Процедурадан кейін пациенттердің өмір сүру сапасы айтарлықтай жақсарады: кеудедегі ауырсыну, естен тану және ентігу жоғалады.
Бұл TAVI әдісінің артықшылықтары атап өтсек:

  • әлсіз және егде жастағы пациенттерде жоғары төзімділік;
  • минималды инвазивтілік;
  • кеуде қуысын ашудың қажеті жоқ;
  • операциядан кейінгі асқынулардың қаупінің төмендеуі;
  • оңалту және қалпына келтіру уақытының қысқаруы.

Ота МӘМС шеңберінде жасалады.
Көрсеткіштері: ауыр аорта стенозы немесе ашық операцияға қарсы көрсеткіштер (жасқа байланысты немесе онымен байланысты жағдайлар).

Алдын ала кеңес алу үшін және қосымша сұрақтар бойынша:

Байланыс ақпараты:
WhatsApp: +7 702 094 77 73
Байланыс орталығы: +7 (7172) 57 74 40 | +7 708 987 74 40
 

Астана, Абылай хан даңғылы, 42
Біз 2GIS желісіндеміз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-20:00
Сенбі: 08:00-17:00
Жексенбі- Демалыс күні

Понедельник-Пятница: 08:00-20:00
Суббота: 08:00-17:00
Воскресенье- выходной день

Внимание! По вопросам, касающимся стационара (ННМЦ), обращайтесь только по WhatsApp:

Внимание! По вопросам, касающимся заключения договоров обращайтесь по номеру:

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам