Интервенциялық кардиология №1 бөлімінің басшысы, профессор Бегылан Стамбол 20-22 желтоқсан күндері Қытайда өткен Asian Society of Cardiology Congress 2024 конференциясына қатысты
Конференция барысында профессор Бегылан Стамбол «Қазақстандағы кеуде қуысы ауырсынуына арналған шұғыл көмек көрсету жүйесі» баяндамасымен кеуде қуысы ауырсынуын емдеу сессиясында баяндама жасады.
Бұл үш күн заманауи кардиологиядағы озық әдістер талқыланған және халықаралық әріптестікке жаңа мүмкіндіктер ашылған маңызды шара болды.