БІР МЕЗГІЛДЕ ИМПЛАНТПЕН РЕКОНСТРУКЦИЯЛАЙТЫН ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ТЕРІ АСТЫ МАСТЭКТОМИЯСЫ – КЕУДЕНІҢ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ПЛАСТИКАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ДӘУІР

БІР МЕЗГІЛДЕ ИМПЛАНТПЕН РЕКОНСТРУКЦИЯЛАЙТЫН ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ТЕРІ АСТЫ МАСТЭКТОМИЯСЫ – КЕУДЕНІҢ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ПЛАСТИКАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ДӘУІР

Қазақстанда тұңғыш рет бір мезгілде имплантпен реконструкциялай отырып, эндоскопиялық мастэктомия сәтті өткізілді. Химиялық терапияның  8 курсын қабылдаған пациентке бұл инновациялық операция онкологиялық түбегейлілік пен эстетикалық тәсіл қағидаттарын сақтай отырып, алғаш рет жасалды. Операцияны онкомаммолог Сәменова Динара Ермекқызының жетекшілігімен Сүт безі ісіктері және реконструктивтік-пластикалық хирургия бөлімінің мамандары, маммолог-дәрігер Сексембаева Маржан Советовна, бөлім дәрігерлерімен бірге, сондай-ақ жалпы және торакальды хирургия бөлімінің онкохирургі Калин Виталий Олеговичтің қатысуымен жасады.

      Хирургиялық араласудың жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз еткен операциялық бөлімнің барлық қызметкерлеріне - мейірбикелеріне, анестезиологтарына және бүкіл командаға алғысымызды білдіреміз.

Әдістің басты мақсаттары:

• Толық онкологиялық түбегейлілікті  қамтамасыз ету

• Операциялық жарақатты барынша азайту

• Сүт безінің эстетикасын барынша  сақтау

• Омырауды бір сатылы  қалпына келтіру

Бұл аз инвазивті әдіс – сүт безі обыры диагнозы қойылған  әйелдің тек денсаулығын ғана емес, өмір сапасын, өзін-өзі бағалауын және әйелдік келбетін сақтап қалуға бағытталған. Мұндай техника тері кесіндісін және мүмкіндігінше емізік-емшек ұшы кешенін сақтап қалуға мүмкіндік береді, бұл  эстетикалық нәтижені  едәуір жақсартады.

Әдістің артықшылықтары:

 • Омыраудың алдыңғы бетінде тілік болмайды

• Пациент  тез қалпына келеді

• Ауырсынудың және асқынулардың төмендеуі

• Косметикалық нәтижелер жақсартылады

• Пациенттердің қанағаттанушылығы жоғары

Бұл әдіс емдеуге жеке және аялауыш көзқарасқа бағытталған аз инвазивті хирургия мен онкопластикалық хирургия дамуының нәтижесі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі онкологиялық емделуден кейін де омырауларының пішінін сақтағысы келетін жоғары эстетикалық талаптары бар жас әйелдер үшін өзекті.

 Пациентімізге тезірек сауығып кетуін және  зор денсаулық тілейміз!

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-20:00
Сенбі: 08:00-13:00
Жексенбі-Демалыс күні
Понедельник-Пятница: 08:00-20:00
Суббота: 08:00-13:00
Воскресенье-выходной день

Внимание! По вопросам, касающимся стационара (ННМЦ), обращайтесь только по WhatsApp:

Внимание! По вопросам, касающимся заключения договоров обращайтесь по номеру:

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам