2025 жылдың 10 қазанында Wyndham Garden Astana қонақүйінде сүт безі обырын ерте диагностикалау және емдеу мәселелеріне арналады BREAST CANCER MEETING ASTANA 2025 халықаралық конференциясы өтеді.
Ұйымдастырушылар – «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ және Онкологтар-маммологтар қоғамы Қазақстан, Ресей, Түркия, Германия және Канаданың жетекші мамандарын бір алаңға жинайды. Іс-шараға онкологтар, хирургтер, радиологтар, патоморфологтар, химиотерапевтер, генетиктер және сәулелік терапия мамандары, әйелдердің денсаулығы мен өмірі үшін күн сайын күресіп жүргендердің барлығы қатысады.
Бағдарламада:
- органды сақтайтын және реконструктивті операциялардың заманауи тәсілдері;
- ерте диагностикадағы УДЗ, МРТ, маммография және жасанды интеллекттің рөлі мен жаңа мүмкіндіктер;
- генетикалық зерттеулер және дербестендірілген медицина;
- онкофертильділік және репродуктивті әлеуетті сақтау мәселелері;
- мамандар арасында күрделі клиникалық жағдайларды талқылау және тәжірибе алмасу.
"Brave Together" пациент сессиясы аурумен күрескен әйелдердің шынайы оқиғалары және тең кеңесшілердің кеңестері айтылатын конференцияның ерекше сәті болмақ.
Өтетін орны: Астана қ., Хусейн бен Талал көшесі, 25, Wyndham Garden Astana қонақүйі
Күні: 2025 ж. 10 қазан
Форматы: гибридті – офлайн және онлайн (Zoom)
2025 жылғы 12 қазанда денсаулық, саналылық және қолдауға арналған “Pink Run” жүгіру шарасы жоспарланған.
“Pink Run” – бұл тек жүгіру ғана емес, бұл күш-жігерді біріктіру және хабардарлықты арттыру. Бұл – «Сен жалғыз емессің» деп айту тәсілі. Бізбен бірге маңызды қадам жасау үшін қатарымызға қосыл.
Өтетін орны: Ботаникалық бақ, Астана қ.
Күні: 2025 жылғы 12 қазан
Қашықтықтар: 1,3 км және 3,9 км
Бұл жүгіру – ақпараттандыру, саналы көзқарас және қоғамның бірлігін көрсету мүмкіндігі. Ол ерте диагностика мен тұрақты тексерудің маңыздылығы туралы білімді насихаттауға және бұл дертпен күресіп жүрген немесе жеңіп шыққан әйелдерге қолдау көрсетуге бағытталған.
Қатысушылар жүгіру қашықтығын таңдай алады:
• 1,3 км – алғашқы рет жүгіретіндер немесе достарымен, отбасымен баяу жүруді қалайтындар үшін.
• 3,9 км – белсенді қатысушылар, осы мәселе басынан өткендерді қолдау үшін белгіленген арақашықтықты жүгіріп өтуге ниетті қатысушылар үшін.
Жүгіру Ботаникалық саябақта қамқорлық, өзара қолдау мен шабыт атмосферасында өтеді. Қатысушыларға естелік атрибуттар, фотоға жасауға арналған арнайы аймақтар, сүт безі обырының алдын алу бойынша ақпараттық материалдар, медициналық сарапшылармен дәрістер мен кездесулер ұсынылады.
Бұл конференция Қазақстандағы онкологиялық көмектің сапасын арттыруға, заманауи ғылыми жетістіктерді клиникалық тәжірибеге енгізуге және пәнаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған кәсіби диалог пен инновациялық шешімдер алаңы болмақ.
Ақпарат пен ұсыныстарға арналған байланыс құралдары:
E-mail: Dinara.samen2018@gmail.com
Телефон: +7 747 757 83 89 – Аяжан Есімханқызы