Артериялық гипертензия скринингі: ҰҒМО-дағы кешенді ЧЕКАП

Артериялық қан қысымының жоғарылауы ұзақ уақыт бойы айқын белгілерсіз өтуі мүмкін. Соған қарамастан, жоғары қан қысымы жүрекке, қан тамырларына және басқа да ағзаларға түсетін жүктемені біртіндеп арттырады.
Артериялық гипертензия скринингі: ҰҒМО-дағы кешенді ЧЕКАП

Егер қан қысымыңыз жиі өзгерсе, бас ауруы, бас айналу, тез шаршау мазаласа, артериялық гипертензияға тұқым қуалайтын бейімділік болса немесе жүрек-қантамыр жүйесінің жағдайын кешенді бағалағыңыз келсе, ҰҒМО-дағы «Артериялық гипертензия скринингі» ЧЕКАП бағдарламасынан өтуге болады.

Бағдарламаға не кіреді?

Мамандардың консультациялары:

  • кардиолог дәрігер;
  • офтальмолог дәрігер.

Зертханалық зерттеулер:

  • жалпы қан және зәр талдауы;
  • бүйрек қызметінің көрсеткіштері: креатинин, несепнәр, несеп қышқылы;
  • бауыр қызметінің көрсеткіштері: АЛТ, АСТ;
  • қандағы глюкоза деңгейі;
  • липидтік профиль: жалпы холестерин, ТТЛП, ЖТЛП, триглицеридтер;
  • электролиттер: калий және натрий.

Аспаптық зерттеулер:

  • ЭКГ;
  • ЭхоКГ;
  • артериялық қан қысымын тәуліктік мониторлау;
  • бүйрек қан тамырларының ультрадыбыстық допплерографиясы;
  • бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі;
  • брахиоцефалдық діңнің ультрадыбыстық допплерографиясы.

Бағдарлама мүмкіндік береді:

  • жүрек пен қан тамырларының жағдайын кешенді бағалауға;
  • артериялық гипертензия асқынуларының ықтимал қауіп факторларын анықтауға;
  • бүйрек қызметі мен зат алмасуға байланысты негізгі көрсеткіштерді бағалауға;
  • тексеру нәтижелері бойынша мамандардың ұсынымдарын алуға.

Бағдарламаның толық құны — 194 695 теңге.

Координатор бағдарламаның құрамы, тексерулерден өту тәртібі және қажетті дайындық туралы толық ақпарат береді.

Координатор Надежда:
WhatsApp: +7 702 695 29 70
Дүйсенбі–жұма, 08:00–17:00

Жазылу және қосымша ақпарат:
WhatsApp: +7 700 599 91 03
Call-орталық: +7 (7172) 57-74-40 | +7 708 987 74 40

Мекенжай: Астана қ., Абылай хан даңғылы, 42.

Қан қысымын уақтылы бақылау жүрек-қантамыр асқынуларының қаупін төмендетуге көмектеседі.




Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-22:00
Сенбі: 08:00-17:00
Жексенбі- Демалыс күні

Понедельник-Пятница: 08:00-22:00
Суббота: 08:00-17:00
Воскресенье- выходной день

Внимание! По вопросам, касающимся стационара (ННМЦ), обращайтесь только по WhatsApp:

Внимание! По вопросам, касающимся заключения договоров обращайтесь по номеру:

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам