CTO. CREATIVITY. CHEST PAIN. (3C) FORUM 2025 ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ КАРДИОЛОГИЯДАҒЫ ЗАМАНАУИ ШЕШІМДЕР ФОРУМЫ

CTO. CREATIVITY. CHEST PAIN. (3C) FORUM 2025  ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ КАРДИОЛОГИЯДАҒЫ ЗАМАНАУИ ШЕШІМДЕР ФОРУМЫ

 3–4 қазан күндері Ұлттық ғылыми медициналық орталықта интервенциялық кардиологияның заманауи бағыттары мен клиникалық шешімдеріне арналған халықаралық ғылыми-практикалық CTO. Creativity. Chest Pain. (3C) Forum 2025 жоғары деңгейде өтті.

 Форум барысында Қазақстан мен Қытайдың жетекші кардиолог мамандары тәжірибе алмасып, созылмалы тотальды окклюзия (CTO) және кеуде қуысы ауыру синдромы (Chest Pain) бойынша жаңа ғылыми зерттеулер мен инновациялық технологияларды талқылады.

 Іс-шараға Бейжің, Шанхай, Тяньцзинь, Ухань және Гуанчжоу қалаларынан келген беделді мамандар қатысты. Қытайлық әріптестеріміз Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа осындай жоғары деңгейдегі форум ұйымдастырғаны және кәсіби ынтымақтастығы үшін ерекше ризашылықтарын білдірді.

 Форум аясында интервенциялық кардиология бөлімінің дәрігерлері Қытай мамандарымен бірлесіп жүрекке бірегей және күрделі оталар жасады. Бұл оталардың ерекшелігі — Қытайдың DragonFly құрылғысын пайдалана отырып, минималды инвазивті әдіспен, яғни кеудені ашпай орындауында. Мұндай тәсіл ашық жүрек отасына қарсы көрсетілім болған жағдайда тиімді қолданылады.

 Форум бағдарламасы шеңберінде:

• интервенциялық кардиология саласындағы соңғы халықаралық жетістіктер таныстырылды;

MitraClip, DEB, Shockwave технологиялары бойынша мастер-кластар өткізілді;

 • жаңа диагностикалық және терапиялық тәсілдер талқыланды;

• алты күрделі операция халықаралық деңгейде үлгілік жағдай ретінде көрсетілді.


 Бұл форум интервенциялық кардиология саласында білім мен тәжірибе алмасудың, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азияда медициналық инновацияларды енгізудің маңызды алаңына айналды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-20:00
Сенбі: 08:00-17:00
Жексенбі- Демалыс күні

Понедельник-Пятница: 08:00-20:00
Суббота: 08:00-17:00
Воскресенье- выходной день

Внимание! По вопросам, касающимся стационара (ННМЦ), обращайтесь только по WhatsApp:

Внимание! По вопросам, касающимся заключения договоров обращайтесь по номеру:

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам