«Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ-на Ислам Республикасы Иран Елшілігінің делегациясы ресми сапармен келді.
Делегация құрамында:
• мырза Али Акбар Джаукар – ҚР-дағы ИРИ Төтенше және Өкілетті Елшісі
• мырза Камияр Дараби Дарестани – елшіліктің үшінші хатшысы
• мырза Еркетай Шаймерденов – елшілік аудармашысы
Қонақтарды «ҰҒМО» АҚ Басқарма Төрағасы Байгенжин Абай Қабатайұлы жеке қарсы алды. Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және медициналық тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.