Жүрек институтының директоры, жүрек-қан тамырлары хирургиясы және оңалту бөлімінің кардиохирургі Алмас Төлегенұлы кардиоторакалды хирургия бойынша әлемдегі ең беделді оқиғалардың бірі – Америкалық торакальды хирургтар қауымдастығының (AATS) 105-ші жыл сайынғы съезіне қатысты.
Төрт күн ішінде жүрек, қолқа және өкпе хирургиясындағы заманауи тәсілдер талқыланды. Атап айтқанда, минималды инвазивті технологиялар, регенеративті медицина және ұзақ мерзімді нәтижелерге қатысты жаңа деректерге ерекше назар аударылды.
Әлемдік жетекші мамандармен тәжірибе алмасу – қазақстандық кардиохирургияны дамытып, заманауи шешімдерді күнделікті тәжірибеге енгізуге жол ашады.