25 қыркүйекте Ұлттық ғылыми медициналық орталықта халықаралық урологиялық конференция өтті. Іс-шараның ашылуы онлайн форматта хирургиялық араласу жасаумен алғашқы сессиямен басталды.
Шеберлік сыныбы аясында лапароскопиялық радикалды простатэктомия және кораллы тасты жою үшін жетілдірілген супермини перкутан нефролитолапаксия операциялары жүргізілді.
Операциялар ҰҒМО урологиялық бөлімшесінің дәрігерлерімен және "Фомина клиникасы" желісінің бас хирургі Александр Ералиевич Жауғашевпен, сондай-ақ Қытайдың Гуанчжоу медицина университетінің ауруханасының Go di және Wei Zhu профессорларымен бірлесіп жүргізілді.
Конференцияға Қазақстанның өңірлерінен 100-ден астам өкіл қатысты.