«ҰҒМО» ХИРУРГ ДӘРІГЕРЛЕРІ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ТЕГІН КЕҢЕС ӨТКІЗЕДІ

«ҰҒМО» ХИРУРГ ДӘРІГЕРЛЕРІ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ТЕГІН КЕҢЕС ӨТКІЗЕДІ

ҰҒМО» АҚ-ның жоғары білікті дәрігерлері Қостанай қаласының тұрғындарына Қостанай облыстық онкологиялық орталығы базасында көшпелі ТЕГІН консультациялар өткізеді.

📅 Өткізу күндері
20.05.2026 – 22.05.2026
🕘 Қабылдау уақыты
08:00 – 14:00

📍 Өтетін орны

Қостанай қ., Көбеев көшесі, 2

📍 Кеңес тегін өткізіледі

✅ Қабылдау тірі кезек бойынша

Мамандар құрамы:

🔹 Тулеутаев Шыңғыс Мұхтарұлы — хирург, онколог
🔹 Сабербеков Сәкен Оразбайұлы — хирург-онколог
🔹 Жантубетова Маржан Советовна — онкомаммолог дәрігер
🔹 Нарзуллаев Мұхтар Балтабайұлы — интервенциялық рентгенхирург
🔹 Махатаев Мұқағали Абдуллаұлы — тамыр хирургі

🏥 Кеңес бағыттары:

• өкпе және көкірек аралығы ісіктері
• асқазан, өңеш, ішек қатерлі ісігі
• сүт безі аурулары
• бауыр ісіктері мен метастаздары
• тамыр аурулары, варикоз
• тромбоздар, посттромбоздық ауру
• жатыр миомасы, қуықасты безінің аденомасы
• қатерсіз және қатерлі ісіктер

📋 Өзіңізбен бірге не алып келу қажет талдаулар:

🔹 Торакальды хирург үшін:

• кеуде қуысы ағзаларының КТ-сі
• бронхоскопия

🔹 Хирург үшін:
• құрсақ қуысы ағзаларының КТ-сі
• ФГДС
• колоноскопия
• * гистологиялық зерттеу нәтижесі

🔹 Тамыр хирургі үшін:

* төменгі аяқ-қол варикозы — төменгі аяқ-қол көктамырларының УДЗГ
* төменгі аяқ-қол артерияларының атеросклерозы — төменгі аяқ-қол артерияларының УДЗГ немесе контрастпен жасалған құрсақ аортасы мен төменгі аяқ-қол артерияларының КТ-сі

🔹 Онкомаммолог үшін:

* сүт бездерінің УДЗ-сі
* маммография

🔹 Интервенциялық рентгенхирург үшін:

* тиісті тамыр бассейні/ағзасының қорытындысымен бірге дискідегі КТ

💙 Денсаулығыңызды күтіңіз және тексерілуді кейінге қалдырмаңыз!

Кеңеске келіп, мамандарға сұрақтарыңызды қойып, емдеу мен алдын алу бойынша кәсіби

ұсыныстар алыңыз.


Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-22:00
Сенбі: 08:00-17:00
Жексенбі- Демалыс күні

Понедельник-Пятница: 08:00-22:00
Суббота: 08:00-17:00
Воскресенье- выходной день

Внимание! По вопросам, касающимся стационара (ННМЦ), обращайтесь только по WhatsApp:

Внимание! По вопросам, касающимся заключения договоров обращайтесь по номеру:

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам