ҰҒМО мен «ҮМІТ» Ташкенттегі халықаралық роуд-шоуға қатысты

«Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ мен «ҮМІТ» томотерапия орталығының қызметкерлері Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен медициналық туризм бойынша халықаралық роуд-шоуға қатысты. Іс-шараны «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы ұйымдастырды
ҰҒМО мен «ҮМІТ» Ташкенттегі халықаралық роуд-шоуға қатысты

Іс-шараға қатысудағы мақсат – ҰҒМО медициналық қызметтерін халықаралық деңгейде ілгерілету, шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанда жоғары білікті медициналық көмек алуға шетелдік пациенттерді тарту.

«ҮМІТ» томотерапия орталығының атынан дәрігер-онколог, радиолог Өмірсерік Қарқын қатысты. Ал «ҰҒМО» АҚ атынан Жасушалық технологиялар және трансплантация бөлімінің биотехнолог маманы Жакупова Айгерим Хайруллаевна қатысты.

Іс-шара аясында қатысушылар Орталықтың мүмкіндіктерін, диагностика мен емдеудің заманауи бағыттарын, жоғары технологиялық медициналық көмектің артықшылықтарын таныстырып, медициналық қауымдастық өкілдерімен және шетелдік серіктестермен тәжірибе алмасты.

Осындай халықаралық іс-шараларға қатысу серіктестік байланыстарды нығайтуға, медициналық туризмді дамытуға және қазақстандық медицинаның халықаралық деңгейдегі танымалдығын арттыруға ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-22:00
Сенбі: 08:00-17:00
Жексенбі- Демалыс күні

Понедельник-Пятница: 08:00-22:00
Суббота: 08:00-17:00
Воскресенье- выходной день

Внимание! По вопросам, касающимся стационара (ННМЦ), обращайтесь только по WhatsApp:

Внимание! По вопросам, касающимся заключения договоров обращайтесь по номеру:

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам