OCTOBER 16 — WORLD ANESTHESIOLOGIST AND INTENSIVIST DAY

OCTOBER 16 — WORLD ANESTHESIOLOGIST AND INTENSIVIST DAY

Бүгін өздерінің кәсіби мерекесін медицина саласындағы ең жауапты әрі күрделі бағыттың мамандары — анестезиологтар мен реаниматологтар атап өтуде.

  Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған: дәл 1846 жылдың 16 қазанында америкалық тіс дәрігері Уильям Мортон алғаш рет хирургиялық операция кезінде эфирлік наркозды қолданды. Бұл жаңалық бүкіл медицина тарихында төңкеріс жасап, адамзатты ауырсынусыз емделу мүмкіндігімен қамтамасыз етті. Осы сәттен бастап анестезиологияның жаңа дәуірі басталды.

Біздің орталықта анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімі мен КХО анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімі ерекше рөл атқарады. Бұл бөлімдердің ұжымдары — жоғары кәсіби шеберлік пен адамгершіліктің жарқын үлгісі.

Олар хирургтармен бірге иық тіресе еңбек етіп, әрбір күрделі ота кезінде біртұтас команда ретінде өмір үшін күрес жүргізеді. Дәрігер-хирургтың дәлдігі мен анестезиологтың қырағылығы — науқастың тағдырын айқындайтын үйлесімді күш.

Әрбір операцияның сәтті өтуі, әрбір ауыр халдегі науқастың өмірге қайта оралуы — осы бөлімдердің ерен еңбегінің нәтижесі.


 Құрметті анестезиологтар мен реаниматологтар!

 Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің табандылықтарыңыз, биік жауапкершіліктеріңіз және мейірімге толы жүректеріңіз — нағыз ерлікке пара-пар.Еңбектеріңіз еленіп, әр күніңіз алғыс пен құрметке толы болсын!

 Сіздерге зор денсаулық, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-20:00
Сенбі: 08:00-17:00
Жексенбі- Демалыс күні

Понедельник-Пятница: 08:00-20:00
Суббота: 08:00-17:00
Воскресенье- выходной день

Внимание! По вопросам, касающимся стационара (ННМЦ), обращайтесь только по WhatsApp:

Внимание! По вопросам, касающимся заключения договоров обращайтесь по номеру:

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам