2026 жылдың 30 қаңтарда біздің хирургиялық топ кардиохирургтармен бірлесіп 69 жастағы пациентке бірегей және аса күрделі операцияны сәтті орындады.
Диагноз: оң жақ бүйректің қатерлі ісігі.
Жағдайды қиындатқан негізгі мәселе — ісік бүйрек венасына өтіп, ісік тромбы түзіп, төменгі қуыс вена арқылы жүректің оң жақ жүрекшесіне жеткен (IV деңгей).Бұл өмірге тікелей қауіп төндірді, себебі тромбоэмболия және жүрек қызметінің бұзылу қаупі өте жоғары болды.
❓ Ісік тромбасы деген не?
Бұл кәдімгі қан ұйығышы емес. Бұл — ісіктің өзі, ол тамырға «өсіп» дамиды және тамыр бойымен өзен арнасы сияқты таралады. Мұндай тромбты алып тастау — онкологиялық хирургиядағы ең күрделі және техникалық қиын міндеттердің бірі.
🔬 Операция қалай жасалды?
Науқасқа оң жақ радикалды нефрэктомия және төменгі қуыс вена мен оң жүрекшеден тромбэктомия жасалды, жүрек-өкпе айналма жолы (ЖБА) қолданылды.
Операцияның негізгі қадамдары:
1. Стернолапаротомия — төс сүйегі мен алдыңғы іш қабырғасы арқылы жүрек пен бүйрекке бір уақытта қол жеткізу.
2. ЖБА-ға қосу — қан ағымын қауіпсіз тоқтату үшін.
3. Оң бүйректі алып тастау — ісікпен, бүйрек үсті безімен және қоршаған ұлпаларымен бірге.
4. Ісік тромбын шығару — төменгі қуыс вена мен оң жүрекшеден.
Алты сағат созылған бұл бірегей ота сятті аяқталды.
Бұл жағдай заманауи технологиялар, көпсалалы тәсіл және үйлесімді команда жұмысы арқылы ең күрделі онкологиялық ауруларды да жеңуге болатынын дәлелдейді.
Біз өз командамызбен мақтанамыз және осы операцияға қатысқан барлық мамандарға алғысымызды білдіреміз.