Біздің ұжым үшін сенбіліктер-бұл әрбір қызметкерге сүйікті қаламызды тазалау мен көгалдандыруға үлес қосуға мүмкіндік беретін жақсы дәстүр.
11 мамыр күні біздің ұжым қоршаған ортаны жақсарту мақсатында жиналды. Медициналық орталықтың қызметкерлері басшылықпен бірге аумақты жинауға, қалалық инфрақұрылымды нығайтуға белсенді түрде қатысты. Біз барлық қатысушыларға бастамашылығы, ынта-жігері мен еңбекқорлығы үшін алғыс айтамыз. Біздің ұжым медицина саласындағы кәсібилігін ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ортаны дамытуға және жақсартуға белсенді қатысуға дайын екендігін көрсетті.
Бұл сенбілік ұжымдық еңбек үшін ғана емес, достық қарым-қатынас пен командалық рухты нығайту үшін де тамаша мүмкіндік болды. Мұндай іс-шаралар қаланы абаттандыруға ықпал етіп қана қоймай, өзара түсіністік ахуалын тудыратынына сенімдіміз.