Ұлттық ғылыми-медициналық орталықта несеп-тас ауруын емдеуге арналған соңғы буындағы экстракорпоральды соққы-толқынды литотрипсия аппараты — HK.ESWL X5 пайдалануға берілді.
🔹 Хирургиялық тіліксіз
🔹 Жалпы анестезиясыз (көп жағдайда)
🔹 Тіндердің минималды жарақаттануы
🔹 Қалпына келу кезеңі қысқа
Экстракорпоральды соққы-толқынды литотрипсия әдісі соққы толқындарының нүктелік әсеріне негізделген. Бұл әдіс тасты ұсақ фрагменттерге бөліп, олардың ағзадан табиғи жолмен шығуына ықпал етеді.
Процедура жаңа жабдықпен жұмыс істеу бойынша арнайы шеберлік сабағынан өткен уролог-дәрігерлердің бақылауымен жоспарлы түрде жүргізіледі.
Емдеу медициналық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі
Алдын ала кеңес міндетті
Қосымша ақпарат алу үшін:
WhatsApp: 8 702 094 77 73
Байланыс орталығы: 8 (7172) 57 74 40 | 8 708 987 74 40
Астана қ., Абылай хан даңғ., 42
Біз 2GIS жүйесінде бармыз