«ҰҒМО» АҚ БАЛАЛАР КАРДИОХИРУРГИЯСЫНДАҒЫ БІРЕГЕЙ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТЕДІ

«ҰҒМО» АҚ БАЛАЛАР КАРДИОХИРУРГИЯСЫНДАҒЫ  БІРЕГЕЙ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТЕДІ

2025 жылғы 31 шілде мен 14 тамыз аралығында «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ-ның Балалар кардиохирургия орталығында профессор Игорь Константиновтың (Аустралия) жетекшілігімен халықаралық шеберлік сабағы өтеді.

Профессор Константинов – жаңа туған нәрестелер кардиохирургиясы бойынша әлемге танымал маман. Мельбурн корольдік балалар ауруханасының хирургі, геномика және регенеративті медицина орталығының директоры, PhD, медицина ғылымдарының докторы, Мельбурн университетінің аға ғылыми қызметкер болып табылады.

Шеберлік сынып «Жаңа туған және ерте жастағы балалардағы жүректің туа біткен ауыр ақаулары мен қақпақша патологияларын түзетудегі заманауи технологиялар мен реконструктивті әдістер» тақырыбында өтеді.


 Бағдарламада:

Жаңа туған сәбилерге ота жасау

Клиникалық жағдайларды бірлесіп талдау

Эбштейн аномалиясы, жүректің сол жақ бөлігінің гипоплазиясы, Норвуд және Фонтен операциялары

Қақпақшаларға реконструктивті араласу

Дәрігерлерге арналған семинарлар мен сессиялар


 Өтетін орны: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 27 – «ҰҒМО» АҚ Балалар кардиохирургия орталығы

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-20:00
Сенбі: 08:00-13:00
Жексенбі-Демалыс күні
Понедельник-Пятница: 08:00-20:00
Суббота: 08:00-13:00
Воскресенье-выходной день

Внимание! По вопросам, касающимся стационара (ННМЦ), обращайтесь только по WhatsApp:

Внимание! По вопросам, касающимся заключения договоров обращайтесь по номеру:

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам