ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА БАЛАЛАР ЖҮРЕК ХИРУРГИЯСЫ БОЙЫНША БІРЕГЕЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ

ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА БАЛАЛАР ЖҮРЕК ХИРУРГИЯСЫ БОЙЫНША БІРЕГЕЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ

2025 жылғы 31 шілде мен 14 тамыз аралығында Астана қаласындағы «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ (ҰҒМО) Балалар кардиохирургиясы орталығында: «Жаңа технологиялар және нәрестелер мен ерте жастағы балалардағы жүрек ақаулары мен қақпақша патологияларын түзетудегі реконструктивтік әдістер» тақырыбында халықаралық шеберлік-сабағы ұйымдастырылды.


Шеберлік сабақты әлемге әйгілі кардиохирургы, Мельбурн Корольдік балалар ауруханасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы, PhD, Мельбурн университетінің аға ғылыми қызметкері Игорь Константинов жүргізді.Қазақстандық дәрігерлер бірлескен ота барысында заманауи реконструктивтік әдістерді меңгеріп, күрделі клиникалық жағдайларды талқылап, тәжірибе алмасты.

 

Шеберлік сабақ аясында 16 күрделі жүрек отасы жасалды. Оның ішінде:

митралды, трикуспидалды және аорталық қақпақшаларға реконструктивтік операциялар, Эбштейн аномалиясын түзету,жүректің сол жақ бөлігінің гипоплазиясы,Норвуд және Фонтан операциялары бар.


 Әлемде алғаш рет – Эбштейн аномалиясы кезінде жүрекшеден алынған тін арқылы жаңа қақпақша жасалды. Қазақстанда алғаш рет – аорта қақпақшасы табысты қалпына келтірілді.


Жоба аясында клиникалық талқылаулар, семинарлар және тәжірибелік сабақтар өтті. Бұл бастама жас пациенттердің өмірін құтқарып қана қоймай, отандық кардиохирургияның жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашты.


ҰҒМО басқарма төрағасы Абай Қабатаевич профессорға Құрметті профессор атағын табыстады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Талдау нәтижелерін алу/Получить результаты анализов

Мекен-жайы/Адрес

Казахстан, г.Астана, пр. Абылай хана 42

Жұмыс уақыты/График работы

Дүйсенбі-Жұма: 08:00-20:00
Сенбі: 08:00-17:00
Жексенбі- Демалыс күні

Понедельник-Пятница: 08:00-20:00
Суббота: 08:00-17:00
Воскресенье- выходной день

Внимание! По вопросам, касающимся стационара (ННМЦ), обращайтесь только по WhatsApp:

Внимание! По вопросам, касающимся заключения договоров обращайтесь по номеру:

Почта

national_clinic@nnmc.kz

Публичный договор

Науқастарға/Пациентам