Reviews
Шыңғыс Мұхтарұлына алғысымыз шексіз! Жақында жұбайыма ота жасаған еді, кәсібилігі жоғары деңгейдегі дәрігер деп есептеймін! Сонымен қатар, адамгершілігі мол азамат! Шыңғыс Мұхтарұлы, адамға деген аянбай жасаған еңбегіңіз сарқылмасын, тек биіктерден көріне беріңіз!
Багдат Маратович, хочу выразить Вам свою огромную благодарность за колоссальную помощь, за отзывчивость, за качественную диагностику, за врачебную этику и за профессионализм в своем деле. Спасибо Вам за Вашу бесконечную доброту и теплое отношение. Желаю Вам всего самого наилучшего и только благодарных пациентов.
Ұлттық ғылыми медициналық орталығында менің өкпеме өте күрделі операция сәтті жасалды. Бұған дейін Астанадағы бірнеше ауруханаға жүгінгеніммен, жағдайымның ауырлығына байланысты жауапкершілікті өз мойнына алуға ешкім келіспеді. Осындай қиын сәтте торакальды хирургия бөлімнің хирургі Тулеутаев Шыңғыс Мұхтарұлы менің жағдайымды жан-жақты бағалап, операция жасау туралы шешім қабылдады. Ал операцияны торакальды хирург Джаркеев Қайрат Сарманович бастаған білікті хирургиялық команда жоғары кәсіби деңгейде сәтті жүргізді. Операциядан кейінгі көрсетілген қамқорлық, дәрігерлердің, мейіргерлердің және барлық медицина қызметкерлерінің жанашырлығы мен кәсібилігі өте жоғары деңгейде болды. Сіздердің арқаларыңызда өкпеме жасалған күрделі операция сәтті өтіп, сауығуыма үлкен үміт сыйладыңыздар. Сіздерге шын жүректен алғысымды білдіремін! Еңбектеріңізге толағай табыс және талай жанның өміріне араша бола берулеріңізді тілеймін. Құрметпен, Ыдырышұлы Қабидолла.